• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Нұрдәулет Қилыбай Мұнайлы ауданының тұрғындарымен кездесті

Бүгін, 27 қараша күні, Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай Мұнайлы ауданының халқымен кездесіп, көкейде жүрген сұрақтарына жеке қабылдауда жауап берді. Өңір басшысына аудандағы түйіткілді мәселелерді жеткізуге 600-ге жуық тұрғын жиналды.

Алдымен Мұнайлы ауданының әкімі Ержан Күмісқалиев 2024 жылдың 10 айының қорытындысы бойынша ауданның әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштеріне шолу жасап, атқарылған жұмыстар туралы есеп берді.

Биыл Маңғыстау ауылында «Алтын Көпір» әртараптандырылған сауда орталығы ашылды. Құрылысы аяқталған бұл нысан қыркүйек айында салтанатты түрде іске қосылды. Сол сияқты, Басқұдық ауылдық округінде «Әбен» сауда орталығы пайдалануға берілді.

Өндіріс саласында Қызылтөбе ауылдық округінде металл ұнтағын өндіретін зауыттың құрылысы аяқталып, жыл соңына дейін іске қосылмақ. Кәсіпорынның жылдық қуаты 3500 тонна болып, 50 адамды тұрақты жұмыспен қамту жоспарлануда.

Сонымен бірге, ауданда ауыл шаруашылығы саласында да белсенді жұмыстар атқарылуда. Жалпы аудан бойынша 374,5 гектар аумаққа егін егілсе, Қызылқұм жерінде 40 шаруашылық көкөніс және бақша дақылдарын өсіруде. Сондай-ақ, ауданда жалпы аумағы 12,7 гектарды құрайтын 23 жылыжай бар.

2025-2028 жылдары Мұнайлы ауданында жеңіл өнеркәсіп, өңдеу өндірісі және мал шаруашылығы бағытында тағы 10 инвестициялық жобаны іске асыру көзделіп отыр.

Сонымен қатар, халықтың аз қамтамасыз етілген топтарын қолдау мақсатында жыл басынан бері 23 мың азаматқа 935,4 млн теңге көлемінде әлеуметтік қолдау көрсетілген.

Ал мүгедектігі бар адамдарға қолдау көрсету үшін инватакси қызметі ұсынылуда. Қазіргі таңда бұл қызметті 3 автокөлік атқарады. 2024 жылы олардың саны артып, 1 жаңа автокөлік сатып алынды.

Кездесу барысында жергілікті тұрғындар кәріз жүйесі, жер алу кезегі, жол құрылысы, аялдама салу, қоқыс шығару, ауыз су мәселелері сияқты көптеген өзекті сұрақтарды көтерді. Сондай-ақ, денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет және спорт салаларын дамытуға қатысты ұсыныстар айтылды.

Облыс әкімі тұрғындардың өтініштерін тыңдап, жауапты сала басшыларына туындаған мәселелерді заң аясында шешуді тапсырды.

Кездесуден кейін Нұрдәулет Қилыбай жеке мәселелері бойынша тіркелген аудан азаматтарын қабылдады.

Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі

  • 28.11.2024
  • 67
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

Қилыбай Н.И.
(Мұрағат)

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика