• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Нұрдәулет Қилыбай Мұнайлы ауданының жүзге жуық тұрғынын қабылдады

27 қарашада Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай Мұнайлы ауданының халқымен кездесуден кейін азаматтарды жеке мәселелерімен қабылдады. Қабылдауға келген тұрғындардың бірі ерекше балаларды қоғамға бейімдеу және дамыту мақсатында арнайы орталық ашу үшін ғимарат бөлуді сұрады. Облыс әкімі бұл маңызды ұсынысты қолдап, аудан басшысына заң аясында бар мүмкіндікті қарастырып, тиісті қолдау көрсетуді тапсырды.

Сондай-ақ, облыстық көркем және эстетикалық гимнастика федерациясының директоры Гүлзира Ақжігітова гимнастшыларға арналған арнайы жаттығу залының құрылысын салу мәселесін көтеріп, тиімді несие алу үшін көмек сұрады. Облыс басшысы бұл мәселені шешу үшін жауапты тұлғаларға несие алудың тиімді жолдарын қарастырып, көмектесуді тапсырды.

Қабылдау барысында тұрғындар ауданның инфрақұрылымдық мәселелерін де көтерді. Маңғыстау ауылының тұрғындары көшелерге жарық орнатылғанымен, шамдардың жиі істен шығып жатқанын айтып, жарықтандыру жүйесін жақсартуды өтінді. Ал Баянды ауылының тұрғындары ауыз судың жетіспеушілігіне шағымданып, оның көлемін ұлғайту қажеттігін атап өтті.

Сонымен қатар, Батыр ауылының тұрғындары ауылға Каспий банктің терминалын орнату туралы өтініш білдірді. Бұл мәселе бойынша банктың бас кеңсесіне хат жолданып, ұсыныс берілді.

Жалпы қабылдауға келген 100-ден астам азамат тұрғын үй жағдайын жақсарту, жұмыссыздық пен қоғамдық көлік қажеттілігін шешу, білім беру мен денсаулық сақтау салаларын дамыту, балалар ойын алаңдарын салу, ауыл шаруашылығын қолдау және туризм мен кәсіпкерлікті дамыту бойынша мәселелер көтерді.

Нұрдәулет Қилыбай әрбір өтінішті тыңдап, жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар берді.

Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі

  • 28.11.2024
  • 74
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

Қилыбай Н.И.
(Мұрағат)

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика