- Блогтар
- Көшербаев Е.Б.
Көшербаев Е.Б.
Шығыс Қазақстан облысының әкімі
Құрметті шығысқазақстандықтар!
Құрметті шығысқазақстандықтар!
Сіздерді мемлекеттік мереке - Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Еліміздің басты құжатының қабылдануы тәyелсіздігіміздің берік іргетасына айналды. Tұңғыш Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев негізін қалаған стратегиялық бағыттың арқасында Қазақстан әлемнің табысты дамыған елдерінің қатарына қосылды. Бүгінгі таңда біз Қазақстан Конституциясы өркендеудің, азаматтардың әл-ауқаты артуының, тұрақты экономикалық өсімнің, бейбітшілік пен келісімнің негізі болғанын мақтанышпен айта аламыз.
Осы жылдар ішінде біздің мемлекет әлемдік қауымдастықтан өзінің лайықты орнын ала білді. Азаматтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған мемлекеттік бағдарламалар қарқынды жүзеге асырылуда, нарықтық экономика табысты жұмыс істеп тұр. Демократиялық қоғамның негізі қаланған. Мұның бәрі жүйелі жұмыстың және азаматтардың береке-бірлігінің арқасында мүмкін болып отыр.
Қымбатты жерлестер, барлығымыз үшін маңызды бұл мереке күні Сіздерге және сіздердің отбасыларыңызға мықты денсаулық, бейбітшілік пен келісім, бақыт пен амандық, саулық тілеймін!
Oтанымыз - Қазақстан нығайып, өркендей берсін!
Даниал Ахметов,
Шығыс Қазақстан облысының әкімі
- 29.08.2019
- 727