• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Байбазаров Н.С.
Байбазаров Н.С.

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Үкіметте экономиканы ырықтандыру жөніндегі шаралар талқыланды

Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаровтың төрағалығымен өткен Үкіметтегі кеңесте Қазақстан экономикасын ырықтандыруға қатысты Мемлекет басшысының Жарлығын іске асыру барысы қаралды. Отырысқа орталық мемлекеттік органдардың басшылары, сондай-ақ «Самұрық-Қазына» қорының өкілдері қатысты.

Жарлықта көрсетілген 36 іс-шарасының 24-ін биыл аяқтау жоспарлануда.

Атап айтқанда, Ұлттық экономика министрлігі квазимемлекеттік сектор субъектілерін құруға мораторий енгізді, "Самұрық-Қазына" Қорының директорлар кеңестерінің құрамын қалыптастыру тәртібі қайта қаралды, оның Корпоративтік басқару кодексі өзектендірілді, сондай-ақ квазимемлекеттік сектор субъектілері үшін нарықтық емес жағдайларда Ұлттық қордан мемлекеттік қаржыландыруды тартуға тыйым салынды. 

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі тауар нарықтарының тиімді жұмыс істеуіне, бәсекелестікті дамытуға және бизнесті дамытуға және кеңейтуге ынталандыруға ықпал ететін квазимемлекеттік сектор субъектілері үшін рұқсат етілген қызмет түрлерінің тізбесінің жаңа форматын қабылдады.

Нұрлан Байбазаров кеңес барысында Мемлекет басшысының Жарлығының барлық бағыттарын мүлтіксіз орындаудың маңызын атап өтті.

«Ырықтандыру жөніндегі шараларды уақтылы және сапалы іске асыру экономикадағы мемлекеттік сектордың үлесін түбегейлі қысқартуға, еркін бәсекелестікті қорғауды қамтамасыз етуге, сондай-ақ бизнесті дамыту үшін кедергілерді жоюға мүмкіндік береді», — деді вице-премьер.

Кеңес қорытындысы бойынша Нұрлан Байбазаров жауапты мемлекеттік органдарға ұсынылған шаралардың жан-жақты пысықталуын қамтамасыз етуді тапсырды.

  • 03.12.2024
  • 66
Байбазаров Н.С.

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі

Байбазаров Н.С.
(Мұрағат)

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика