• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Елібаев М.Т.
Елібаев М.Т.

«Қазақстанның Даму Банкі» АҚ Басқарма төрағасы

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
ҚДБ мен ЕҚҚДБ Қазақстанның энергетика жүйесін біріктіру бойынша маңызды жобаны қолдайды

Бүгін Астанада «Батыс Қазақстанның энергетика жүйесін Қазақстанның Біртұтас электр энергетика жүйесімен біріктіру» жобасын іске асыру аясында «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ (бұдан әрі – Банк, ҚДБ) мен «KEGOC» АҚ арасында кредит желісін ашу туралы келісім, сондай-ақ «Еуропа қайта құру және даму банкі» (бұдан әрі – ЕҚҚДБ) мен «KEGOC» АҚ арасында кредиттік келісімге қол қойылды.

Құжаттарға ҚДБ Басқарма Төрағасы Марат Елібаев, ЕҚҚДБ-ның Евразия, Таяу Шығыс және Африка энергетика ресурстар департаментінің директоры Аида Ситдикова және «KEGOC» АҚ Басқарма Төрағасы Нәби Айтжанов қол қойды.

Қаржыландыру «Батыс Қазақстанның энергетика жүйесін Қазақстанның Біртұтас электр энергетика жүйесімен біріктіру. Электр желілік нысандарды салу» жобасын жүзеге асыруға бағытталатын болады. Аталған жоба елдің батыс өңірлерінің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етеді, сондай-ақ энергия мен қуат теңгерімсіздігін өтейтін Батыс аймағының икемді генерациясын энергетика жүйесінің солтүстік және оңтүстік аймақтарына пайдалануға мүмкіндік береді. Батыс аймақтың өткізу қабілеті 500 МВт-қа дейін ұлғайтылады.

ҚДБ тарапынан бөлінетін 32 миллиард теңгеге дейінгі қаражат 500 кВ Қарабатан-Өлке электр жеткізу желісін (Атырау-Ақтөбе автомагистралі бойымен), 500 кВ Қарабатан қосалқы станциясын салуға, сондай-ақ Қарабатан (220 кВ) және Өлке (500 кВ) қосалқы станцияларындағы тарату құрылғыларын кеңейтуге бағытталады. Бұл жергілікті электр ағындарын айтарлықтай күшейтіп, Батыс Қазақстанның энергиямен жабдықтау үрдісін жақсарта түспек.

Инвестициялық жоба Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Оңтүстік аймақтың электр энергетика жүйесін күшейту, Батыс өңірлердің транзиттік байланыстарын нығайту схемасын әзірлеу және оларды Қазақстанның Біртұтас электр энергетика жүйесімен біріктіру туралы тапсырмасы аясында жүзеге асырылуда.

Бірлескен күш-жігер Қазақстанның энергетика жүйесін жаңғыртуға және оны заманауи сын-қатерлерге, соның ішінде тұрақты және экологиялық таза энергия көздеріне көшуге бейімдеуге бағытталған.

ҚДБ ірі инфрақұрылымдық бастамаларды қаржыландыруға белсенді қатысады. Өткен жылдың наурыз айында Банк «KEGOC» АҚ-ға 10 миллиард теңге көлемінде облигациялық қарыз бөліп, бұл қаржы елдің батыс өңірлеріндегі энергетика жүйесін жаңғыртуды қолдауға жұмсалды.

  • 03.12.2024
  • 84
Елібаев М.Т.

«Қазақстанның Даму Банкі» АҚ Басқарма төрағасы

Елібаев М.Т.

«Қазақстанның Даму Банкі» АҚ Басқарма төрағасы

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика