• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
ҚАРАҚИЯ АУДАНЫ ӘКІМІ МЕН ИНВЕСТОР ӨЗАРА ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ТУРАЛЫ МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙДЫ

Қарақия ауданы әкімі Қыдырберді Беков пен «Tethys Aktau IV» ЖШС компаниясының бас директоры Арман Ниязбеков өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Меморандумның мақсаты – Қарақия ауданының аумағында этноауыл жобасын іске асыру. Меморандумға сай инвестор – «Tethys Aktau IV» ЖШС компаниясына бірқатар негізгі міндеттер жүктелді.
 
Атап айтқанда, инвестор жергілікті тұрғындарды жұмысқа тартып, қонақ үй және мейрамхана ісі бойынша қызмет көрсету саласында мамандар даярлау және оқыту курстарын өткізу міндетін мойнына алды.
 
Сонымен бірге, шағын және орта бизнесті қолдау мақсатында  жергілікті кәсіпкерлер және ауыл азаматтарымен (тауар, ауылшаруашылығы өнімдерін өндірушілермен, қолданбалы өнер, қолөнер шеберлерімен,  және т.б.) шарт жасасуды көздейді. Этноауылдан «Бозжыра» шатқалына дейін туристерді жеткізуде жергілікті тұрғындардан түйе, жылқы жануарларын жалға алу жайын қарастырады.
 
Бұдан бөлек, инвестор ұлттық қолөнер бұйымдарын жасайтын тұрғындардың өнімдерінен жәрмеңкелер ұйымдастыруға және оларды сатуға арналған арнайы орындарды бөлуі қажет.
 
Сондай-ақ, инвестор ұлттық тағамдарды ас мәзіріне қосу, қолөнер шеберлеріне, тігінші дизайнерлерге, суретшілерге және өзге де шығармашылық өкілдеріне арнайы алаңдар бөледі.
 
Инвестор этноауыл қызметкерлерінің бірыңғай киімдерін ою-өрнектерді қоса отырып, ұлттық нақышта әзірлеу мүмкіндігін қарастыруды міндетіне алып, қазақтың киіз үйін насихаттау, туристерге таныстыру мақсатында киіз үйлер тігу үшін арнайы орын бөлу мүмкіндігін қарастырады.
 
Инвесторға этноауыл жобасын жүзеге асыруда экоортаға - флорасы мен фаунасына, топырақ қабаттарына, жануарлар әлеміне залал тимеуін ескере отырып, мәдени туризмді дамыту міндеттеледі.
 
Сонымен қатар әкімдік этноауыл жобасын жүзеге асыру жұмыстарын ұйымдастыруды, инженерлік-инфрақұрылымдық  желімен етілуін бақылауды міндетіне алады.

  • 19.02.2021
  • 673
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

Қилыбай Н.И.
(Мұрағат)

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика