• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Ахметжанов М.М.
Ахметжанов М.М.

Ақмола облысының әкiмi

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Ақмола өңірінде туризм, білім беру, денсаулық сақтау және спорт салаларында ауқымды инфрақұрылымдық жобалар жүзеге асты

Ақмола облысы – еліміздің тек астықты аймағы ғана емес, сонымен қатар өзінің сұлу табиғатымен – Бурабай, Зеренді курорттық аймақтарымен, Қорғалжын қорығымен танымал. Бурабай курорты өңірде туризмді дамытудың негізгі көшбасшысы саналады. Бұл аймақ Алматы және Маңғыстау облыстарының туристік дестинацияларымен қатар, елімізде туризмді дамытудың үш негізгі орталықтарының бірі ретінде белгіленген. Президент алға қойған міндеттер аясында Үкіметпен бірлесіп, Бурабай курортының жаңа концептін құру бойынша 2025-2029 жылдарға арналған кешенді жоспар әзірленуде. Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов ОКҚ брифингінде осылай деді.

Оның хабарлауынша, Бурабайда биыл алғаш рет «Атырау Авеню» демалыс аймағы және «Тары Бурабай» этно-рестораны ашылды. Шағын авиацияны дамыту аясында келесі жылдан бастап курорттық аймақта тікұшақпен шолу саяхаттары іске қосылады.

«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 7 200 орындық 6 мектеп салынды. Онда қазір білім беру процесі жүргізілуде. Целиноград ауданының Қоянды ауылында 2 мың орындық және Көкшетау қаласында 3 мың орындық 2 мектептің құрылысы аяқталды. 

«Осы елді мекендердің бәрі елордаға жақын орналасқан. Осылайша ата-аналар үшін көптеген мәселе шешіліп, елордалық білім беру объектілерінің жүктемесі азаяды. Жайлы мектептердің аумағы қарапайым мектептерден артықшылықтары бар. Сонымен қатар биыл Қосшы қаласында 1200 орындық мектеп құрылысы аяқталды. Облыс орталығында 446 орындық екі балабақша іске қосылды. Келесі жылы тағы үш балабақша пайдалануға беріледі», – деді облыс әкімі.  

«Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы бойынша бастапқы медициналық-санитариялық көмек объектілері салынып жатыр. Осы объектілер 38 ауылдық елді мекенде тұратын 43 мың адамды қамтиды. Степняк қаласында аудандық аурухана құрылысы жалғасуда. Келесі жылы Көкшетау қаласында 630 орындық өңіраралық көпбейінді аурухана құрылыс басталады. Лизингке 3,7 млрд теңгеге 50 жедел медициналық жәрдем автомобильдері сатып алынды. 

Биыл  өңір үшін жарқын спорттық жаңалықтарға толы жыл болды. Облыс спортшылары Парижде өткен Жазғы Паралимпиадада лайықты өнер көрсетті. Давид Дегтярев, Еркін Ғаббасов пен Әмір Мұратбеков жақсы нәтижеге қол жеткізді.  

Жақында Қосшы және Есіл қалаларында, сондай-ақ Мәдениет ауылында спорт кешендері пайдалануға берілді. Осы айда Степногорск қаласында жаңа спорт кешені есігін ашады. Сонымен қатар Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Үкімет Зеренді ауылында спорт кешенінің құрылысын салуға Арнайы мемлекеттік қордан қаржы бөлу туралы шешім қабылдады. Бұл бастама халықты жаппай спортпен қамтуға және ауылдық жерлердегі әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға бағытталған.

  • 04.12.2024
  • 82
Ахметжанов М.М.

Ақмола облысының әкiмi

Ахметжанов М.М.
(Мұрағат)

Ақмола облысының әкiмi

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика