• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Ақтауда «Жылы жағажай» аумағындағы автомобиль жолы қайта жаңғыртылды

Жылы жағажай – Ақтау қаласының туристік әлеуетке ие бірден-бір аймағы. Аталған жағажай Ақтау қаласы құрылғалы бері адамдардың сүйікті демалыс орны болып табылады. Себебі, Каспий теңізінің шомылуға ыңғайлы құм жағажайлары осы аумақта орналасқан.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес облыс орталығының туристік әлеуетін арттыру мақсатында облыс әкімдігі «Жылы жағажай» аумағында орналасқан туристік нысандарға апаратын бірден-бір көліктік инфрақұрылым ұзындығы 27 км автомобиль жолын реконструкциялау жұмыстарын 2019 жылы бастады.

Айта кету керек, Жылы жағажайды қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз ету үшін жұмыстар кешенді сипат алды. Атап айтқанда, автомобиль жолымен қатар, су, кәріз, электр энергиясы және газ желілерінің де құрылысы қатар жүргізілді.
Реконструкцияланғанға дейін автомобиль жолы 1980 жылдары салынған 2 жолақты жарықтандырылмаған, жаяу жүргінші және веложолдары жоқ, заман талабына сәйкес келмейтін жол еді.

Реконструкциядан соң автомобиль жолының техникалық сипаттамасы мынадай: жол бөлігінің ені– 14 метр, қозғалыс жолағының саны– 4, жарықтандыру жүйесі орнатылып, автотұрақтар, аялдамалар, жаяу жүргіншілер жолы мен веложол салынды.

Жылы жағажайға баратын жолаушыларды тұрақты маршруттық автобуспен қамтамасыз ету мақсатында №6 «Әуежай-Ақтау-Жылы жағажай» тұрақты маршруты іске қосылды.
Осылайша, «МАЭК» су алғышынан «Құрық» теңіз портына дейін автомобиль жолынреконструкциялау жобасы аяқталып, 2024 жылдың қыркүйек айында пайдалануға берілді. Жобаны жүзеге асыруға республикалық және жергілікті бюджеттен 9,3 млрд. теңге жұмсалды. Құрылыс жұмыстары жергілікті мердігер компаниямен жүзеге асырылды.
Өңірдің туристік әлеуетін толық ашуға бағытталған кешенді жұмыстар одан әрі жалғасуда.

Осы орайда, облыс әкімдігімен жоғарыда аталған жобаның логикалық жалғасы ретінде «МАЭК» су алғышынан Құрық теңіз портына дейінгі автомобиль жолын реконструкциялау 34 км (ІІ кезек)» жобасы жүзеге асырылуда.

Бұл жобаны аяқтау 2026 жылға жоспарланып отыр және автомобиль жолы Ақтау порты мен Құрық портын тікелей жалғастыра отырып, Ақтау қаласының Жылы жағажай, Мұнайлы ауданының Қызылқұм жеріндегі, Қарақия ауданының Сарша жеріндегі туристік нысандардың дамуына тың серпін береді деп күтілуде.

Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі

  • 04.12.2024
  • 61
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

Қилыбай Н.И.
(Мұрағат)

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика