• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қилыбай Н.И.
Ақтауда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері талқыланды

Бүгін, 5 желтоқсанда, Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбайдың төрағалығымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті. Жиын барысында өңірдегі автожол саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдері мен оларды жою шаралары кеңінен талқыланды.

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің Превенция басқармасының басшысы Али Абдулов өңірдегі жол сапасына қатысты мәселелердің маңыздылығын атап өтіп, саладағы бірқатар құқық бұзушылықтарға тоқталды.

- Биылғы мамыр айында Мемлекет басшысы отандық жолдардың сапасыздығы туралы сын айтқан болатын. Маңғыстау облысы бойынша жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының ұзындығы 2844,1 шақырымды құрайды. Жүргізілген талдау нәтижесінде осы салада бірнеше сыбайлас жемқорлық тәуекелі анықталды. Мәселен, өңірде жалпы құны 2 жылға кепілдік берілген автожолдарды салу және реконструкциялау бойынша 9 заңбұзушылық, ал кепілдік мерзімі мүлде көрсетілмеген 5 факт тіркелді. Департаменттің ұсынысы негізінде уәкілетті органдар жол құрылысына кепілдік беру мерзімін 84 айға, ал орташа жөндеу жұмыстары бойынша 60 айға дейін ұзартты, – деді Али Абдулов.

Сонымен қатар, жиында Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Айдос Хамиев өңірдегі әлеуметтік маңызы бар 11 проблемалық нысанның жай-күйін баяндады.

Облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбай автожол саласындағы жұмыстарды жетілдіру қажеттігін ерекше атап өтіп, жауапты органдарға нақты тапсырмалар жүктеді.

- Жол сапасы – тұрғындардың өмір сапасын анықтайтын маңызды фактор. Сондықтан бұл бағыттағы кемшіліктерді жою, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және құрылыс жұмыстарын уақытында аяқтау біздің басты міндетіміз. Жауапты органдар мен мердігерлер бұл мәселені ерекше бақылауда ұстауы тиіс, – деді Нұрдәулет Қилыбай.

Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі

  • 06.12.2024
  • 49
Қилыбай Н.И.
(Мұрағат)

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика