• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Ақтауда Құқықбұзушылық профилактикасы бойынша ведомствоаралық комиссия отырысы өтті

5 желтоқсанда облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбайдың төрағалығымен Құқықбұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті. Басқосуда құқық қорғау органдарының адам саудасына қарсы күрес, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және сервистік тәсілдерді енгізу бойынша атқарған жұмыстары қаралды.

Маңғыстау облыстық Полиция департаменті бастығының орынбасары Ильяс Жұмағұлов облыста адам саудасына қарсы күрес бағдарламасының жүзеге асырылу барысын баяндады.

- Жыл басынан бері 1062 шаруа қожалығы қамтылған түсіндіру шаралары ұйымдастырылды. Ал, мобильді топтар «Адам саудасына қарсы іс-қимыл» тақырыбында тұрақты акциялар өткізуде. Сонымен қатар, жезөкшелік пен притондарды ұйымдастырудың алдын алу шаралары белсенді жүргізілуде. Нәтижесінде биыл Маңғыстау облысы бойынша адам саудасына қатысты 8 қылмыстық іс қозғалды, - деді Ильяс Жұмағұлов.

Сонымен қатар, Маңғыстау облысы Полиция департаментінің Жергілікті полиция қызметі бастығы Нұрсейт Оразов сервистік тәсілдерді енгізу бойынша жұмыстардың нәтижелерін мәлімдеді. 2023 жылдың ақпанында құрылған аналитикалық жұмыс тобы кәсіпкерлік нысандар, білім беру және спорт ұйымдары, сондай-ақ шағын аудандардағы тұрғындармен кездесулер ұйымдастырған.

Кездесулер барысында 1341 сауалнама жүргізіліп, 257 азаматтың сұрақтары мен ұсыныстары тыңдалған.

Облыс басшысы Нұрдәулет Қилыбай құқықбұзушылықтардың алдын алу және оларды азайту бойынша жұмыстарды күшейту үшін бірлесе әрекет етудің маңыздылығын атап өтті.

- Құқықбұзушылықтардың алдын алу – қоғам тұрақтылығы мен қауіпсіздігінің басты кепілі. Біз адам саудасы, тұрмыстық зорлық-зомбылық және басқа да құқықбұзушылықтарға қарсы күресті жүйелі түрде жүргізуіміз қажет. Бұл бағыттағы жұмыстарды мемлекеттік органдар ғана емес, азаматтық қоғам да белсенді түрде қолдауы тиіс, – деді Нұрдәулет Қилыбай.

Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі

  • 06.12.2024
  • 59
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

Қилыбай Н.И.
(Мұрағат)

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика