• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Маңғыстауда «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясындағы экологиялық шаралар жалғасуда

6 желтоқсанда Маңғыстау облысында “Таза Қазақстан” республикалық бағдарламасы аясында “ЭкоМаңғыстау” үкіметтік емес ұйымы ұйымдастырған экологиялық акция өтті. Шара Ақтау қаласының маңында орналасқан табиғаты көркем Саура шатқалында өтті.

Акцияның негізгі мақсаты – жастардың қоршаған ортаны қорғауға деген назарын аударып, экологиялық жауапкершілік сезімін қалыптастыру және Маңғыстау облысының табиғи байлығын сақтауға үлес қосу. Іс-шараға Ш. Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университетінің 50 студенті қатысып, ұйымдастырушылармен бірге шатқал аумағын тазалап, қоқысты сұрыптап, өңірдің қайталанбас табиғатын сақтау ісіне өз үлестерін қосты.

Каспий теңізінің батыс жағалауынан 90 шақырым жерде орналасқан Саура шатқалы өзінің табиғи сұлулығымен, ерекше экожүйесімен және тарихи мәнімен тартымды орын. Бұл аймақтың басты көрікті жері – мөлдір тас қабырғалармен қоршалған көл. Онда сирек кездесетін реликтті батпақты тасбақалар мекендейді. Саура жайлы көптеген аңыздар айтылған. Соның бірі бойынша, бұл көл қайғыдан көз жұмған әйелдің көз жасынан пайда болған делінеді. Тағы бір аңызда Бекет ата “сенімсіздік аққуларымен” Саураға ұшып келіп, өзінің сенімінің мықтылығын дәлелдегені туралы баяндалады.

Сонымен қатар, шатқал аумағында қола дәуірінен қалған бекініс қалдықтары, ежелгі қорымдар және Ұлы Жібек жолы керуендерінің іздері сақталған. Археологиялық қазбалар барысында жерлеу орындары, артефактілер және ежелгі жер сілкіністерінің іздері табылып, бұл бекіністің жойылуына себеп болғаны анықталған. Саура – табиғат, тарих және аңыздар бір-бірімен үйлескен, туристер мен зерттеушілерді ерекше атмосферасымен баурайтын аймақ.

Экологиялық мәдениетті дамытудағы маңызды қадам

“ЭкоМаңғыстау” үкіметтік емес ұйымының жобалар менеджері Джавид Зейнелабдинұлы Әлиевтің айтуынша, “Таза Қазақстан” бағдарламасы халық арасында экологиялық мәдениетті дамытуда үлкен рөл атқарады:
– Бүгін біз жастардың экологиялық шараларға қатысуы тек аумақтарды тазарту емес, табиғатымыздың болашағына саналы үлес қосу екенін көріп отырмыз. Әрбіріміз қоршаған ортаны сақтау сияқты үлкен істің бір бөлігі бола аламыз. Баршаңызды қала аумағындағы кез келген экологиялық шараларға қатысуға шақырамыз. Сіздің белсенділігіңіз – таза әрі экологиялық қауіпсіз Қазақстан құру жолындағы маңызды қадам.

Сондай-ақ, Маңғыстау облысында “ЭкоЛидер” клубының бастамасымен, облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының шағын гранттар бағдарламасы аясында “Қаракөл сақшылары” жобасы жүзеге асырылды. Жобаның мақсаты – Қаракөл көлінің биоалуантүрлілігін зерттеу, экожүйенің жағдайына жедел талдау жүргізу және құстардың тіршілік ету ортасын зерттеу.

Жобаны іске асыруға отбасылық үлгідегі балалар үйінің тәрбиеленушілері, дарынды балаларға арналған мектеп-интернат оқушылары, Ш. Есенов атындағы университеттің экология және биология мамандықтарының студенттері мен туризм колледжінің оқушылары қатысты. Жоба аясында 135 ерікті жиналып, көлдегі 15 000-ға жуық поганка, 10 000 аққу, сонымен қатар фламинго, шағала, үйрек, қоқиқаз сияқты құстардың популяциясын бақылауға алды.

Жобаның нәтижесінде жиналған деректер мен жасалған сызбалар оқушылар мен студенттердің жаңа ғылыми жобаларының негізіне айналды. Мысалы, Маңғыстау облысынан шыққан екі оқушы “Қаракөл” мәселесіне арналған зерттеу жұмыстарымен республикалық ғылыми жобалар байқауының облыстық кезеңінде жеңімпаз атанды.

“ЭкоЛидер” еріктілер клубының жетекшісі және “EcoJer” қауымдастығының өңірлік экологиялық кеңесінің мүшесі Бақытгүл Өмірханқызы мұндай бастамалардың маңыздылығын ерекше атап өтті:
– Өткен жылы Маңғыстау облысында біз 1200-ден астам аққудың және 2000-ға жуық Каспий итбалықтарының қырылу себептерін тәуелсіз зерттеуге бастамашы болдық. Мұндай экологиялық апаттардың алдын алу үшін халықтың экологиялық сауатын арттыру қажет. “ЭкоЛидер” клубы “Таза Қазақстан” бағдарламасы аясында белсенді түрде қоқысты жинау, сұрыптау және өңдеу жұмыстарымен айналысады.

Сонымен қатар, біз мектеп оқушыларын табиғатты қорғау және зерттеумен байланысты мамандықтарға бағыттау бойынша жұмыс жүргізіп келеміз, – деді ол.

“Таза Қазақстан” – жаңа форматтағы экологиялық бағдарлама

Айта кетейік, 2024 жылы Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жүзеге асырылып жатқан “Таза Қазақстан” бағдарламасы сенбіліктердің ауқымын кеңейтіп, жаңа форматқа көшті. Экоапталықтарға 168 мыңнан астам адам қатысып, 27 462 тонна қоқыс шығарылды. Ақтауда 45 632 шаршы метр жол жөнделіп, өңірде 20 300 ағаш отырғызылды. Сонымен қатар, 137 тарихи-мәдени нысан қалпына келтіріліп, әлеуметтік ғимараттар абаттандырылды. Каспий теңізінің жағалауындағы кепкен шөптер мен қамыстар арнайы техникамен тазаланды.

  • 06.12.2024
  • 65
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

Қилыбай Н.И.
(Мұрағат)

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика