• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Ақтауда нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі ведомствоаралық штабтың отырысы өтті

Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбайдың төрағалығымен нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі ведомствоаралық штабтың отырысы өтті. Жиында есірткі қылмыстарының алдын алу, есірткі контрабандасымен күрес мәселелері талқыланды.

ҚР ҰҚК Шекара қызметінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің жедел басқарма бастығы Ақылбек Саматовтың айтуынша, биылғы жылы мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерімен бірлесіп есірткі тасымалының 25 фактісінің жолы кесіліп, заңсыз айналымнан есірткі заттары тәркіленді.

Сонымен қатар, есірткіні анықтау мен оны елге кіргізбеудің ең тиімді тәсілдерінің бірі – интрузивті емес тексеру құралдарын қолдану екені атап өтілді.

Отырыс барысында Маңғыстау облысы Полиция Департаменті бастығының орынбасары полиция полковнигі Ильяс Жумагулов 2024 жылдың 11 айында облыста 428 есірткіге қатысты құқықбұзушылық тіркелгенін мәлімдеді. Оның ішінде 100 жағдай есірткі қылмысы ретінде анықталса, қалған 328-і әкімшілік теріс қылықтарға жатады.

Есірткінің алдын алу мақсатында облыс бойынша 699 профилактикалық іс-шара ұйымдастырылған. Бұл шараларға 17 302 адам, соның ішінде оқушылар, студенттер, жастар және әскери қызметшілер қатысқан.

Сондай-ақ, облыс әкімдігі, прокуратура және полиция департаментінің жастар саясаты басқармасымен бірлесіп, есірткі қылмысы туралы анонимді ақпарат алуға арналған «Stop Synthetic Mangystau» Telegram-боты іске қосылғаны хабарланды.

Облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбай нашақорлықпен күрес жөніндегі жұмыстарды жандандыру қажеттігін атап өтіп, бұл бағыттағы бірлескен жұмыстың маңыздылығына тоқталды.

- Нашақорлық – ұлттың болашағына төнген қауіп. Біз бұл нәрсемен тек бірлескен жұмыспен және жауапкершілікпен ғана күресе аламыз. Әрбір азамат бұл мәселеге немқұрайлы қарамауы тиіс, - деді Нұрдәулет Қилыбай.

Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі

  • 06.12.2024
  • 64
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

Қилыбай Н.И.
(Мұрағат)

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика