• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Ешмағамбетов Ж.Б.
ІІМ басшысы сенаторлармен елдің пенитенциарлық жүйесін дамыту мәселесін талқылады

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің пенитенциарлық жүйе мәселелері жөніндегі отырысына қатысты.

Отырыс барысында Қылмыстық-атқару жүйесін дамытудың 2019-2023 жылдарға арналған жол картасын іске асыру барысы, түрме инфрақұрылымын жаңғырту, сотталғандарға медициналық- санитариялық қызмет көрсету, сондай-ақ мекемелерді бейнебақылау жүйелерімен жарақтандыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыс туралы баяндалды.

«Ұйымдастырушылық және заңнамалық сипаттағы қабылданып жатқан жүйелі шаралар сотталғандарды ұстауды едәуір жақсартуға және жазаларды орындау жүйесін ізгілендіру үшін құқықтық жағдайларды қамтамасыз етуге мүмкіндік берді», – деді Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев.

Бүгінгі таңда түзеу мекемелерінде сот үкімі бойынша 25 000-нан астам адам жазасын өтеп жатыр.

«Бүгінде сотталғандардың азық-түлік, киім-кешек, кітаптарды банк карточкаларымен төлеу жолымен «электрондық дүкендер» арқылы сатып алу мүмкіндігі бар. Әлеуметтік пайдалы байланыстарды қолдау үшін сотталғандардың туыстарымен бейнесұхбаттар арқылы байланысу тәжірибесі енгізілуде. Сәлемдемелердің салмағы, сондай-ақ тамақтану нормалары артты», – деді министр.

Сенаторлар Министрліктің осы бағыттағы қызметіне оң баға беріп, қылмыстық-атқару жүйесінің қызметін одан әрі жетілдіру жөнінде ұсыныстар айтты.

Кездесуді қорытындылай келе, депутаттар Сенат Комитеті мен ІІМ-нің құқық қорғау қызметін одан әрі заңнамалық қамтамасыз ету жөніндегі тығыз әрі сындарлы жұмысы көшпелі отырыстың нәтижесі болатынын атап өтті.

  • 20.02.2021
  • 551
Ешмағамбетов Ж.Б.
(Мұрағат)

ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің төрағасы

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика