• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Нұрдәулет Қилыбай Жаңаөзен қаласының тұрғындарымен кездесті

Бүгін, 9 желтоқсан күні Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай Жаңаөзен қаласының тұрғындарымен кездесу өткізіп, жергілікті халықтың ұсыныс-пікірлерін тыңдады.

Алдымен қала әкімі Жансейіт Қайнарбаев Жаңаөзеннің 2024 жылдың қаңтар-қазан айларындағы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері және 2025 жылға арналған негізгі жоспарлары туралы баяндама жасады.

Жансейіт Қайнарбаевтың айтуынша, қалада 2024-2026 жылдар аралығында жалпы құны 174 млрд. теңгеден асатын 13 жаңа ірі инвестициялық жобаларды жүзеге асыру жоспарлануда. Оның нәтижесінде мыңнан астам жаңа жұмыс орындары ашылмақ.

Жоспарланған жобалар қатарында Бетон шығару зауыты, Жаңа газ өңдеу зауыты, сондай-ақ «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ мен Eni S.p.A. компаниясының бірлескен гибридті электр станциясы бар. Бұдан бөлек, 2025 жылы «KazPetroDrilling» АҚ-ның сорғы-компрессорлық құбырлар мен сорғы штангаларын өндіретін зауыт және шағын құс фермасы жобасын жүзеге асыру жоспарланып отыр.

Жолаушылар тасымалы саласында биыл қала аумағында 5 қосымша бағыттар ашылып, қазіргі уақытта 10 маршрут бойынша 33 автобус қызмет көрсетуде.

Сондай-ақ, Кендірлі туристік аймағын дамыту аясында киелі орындарға жаңа маршруттар ашу көзделуде. Мысалы, «Кендірлі – Темір Баба қорымы – Қауынды, Қорғанбай ойпаттары – Кендірлі-Қаясан – Адамтас – Ақсу» туристік маршруты арқылы Қарақия ауданына қарасты «Өнере бұлағы – Қарынжарық ойпаты – Булыойық үңгірі – Қызылкүп шатқалы – Боқты тауы – Сенектің құмы – Бозжыра – Бекет ата» маршрутына жалғастыру көзделіп отыр.

Әлеуметтік саланы жақсарту мақсатында Кендірлі ауылында 50 адамға арналған дәрігерлік амбулаторияның құрылысы аяқталды. Қазіргі таңда қабылдау жұмыстары жүргізілуде. Жыл соңына дейін амбулатория пайдалануға беріледі.

Жаңаөзен қаласы мен оған қарасты ауылдарда 442 кәсіпкерлік нысан тіркелген. Кәсіпкерлікті дамыту мақсатында «Бір ауыл – Бір өнім» ұлттық жобасы аясында форум мен жәрмеңке ұйымдастырылып, жергілікті кәсіпкерлер өз өнімдерін таныстыруға мүмкіндік алды. Нәтижесінде, екі жоба финалға шығып, олардың әрі қарай дамуына арнайы ғимарат бөлінді.

Кездесуде қала тұрғындары облыс әкіміне толғандырған мәселелерін жеткізіп, шешімін күткен түйткілдерді ортаға салды. Халықтың басым көпшілігі тұрғын үй, жұмыссыздық, жол мәселесі, кәсіпкерлік, білім саласы мен үлескерлерге қатысты мәселелерді көтерді.

Нұрдәулет Қилыбай көтерілген сұрақтарға жауап беріп, қала әкімі мен тиісті басқарма басшыларына мәселелерді заң аясында шешуді тапсырды. Кездесу соңында облыс әкімі тұрғындарға жеке қабылдау өткізді.

Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі

  • 09.12.2024
  • 68
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

Қилыбай Н.И.
(Мұрағат)

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика