- Блогтар
- Шойкин Ғ.Н.
Шойкин Ғ.Н.
ҚР МАМ Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы
Астанада ҚХА Ғылыми-сарапшылық кеңесінің Жас ғалымдар клубының отырысы өтті
2024 жылдың 7 қарашасында Астана қаласының Достық үйінде ҚХА Ғылыми-сарапшылық кеңесінің Жас ғалымдар клубының отырысы өтті. Іс-шараға ҚХА Хатшылығы меңгерушісінің орынбасары Анастасия Щегорцова, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы Ғалым Шойкин, ҚХА Ғылыми-сарапшылық кеңесінің төрағасы Айгүл Сәдуақасова, ҚХА Аналар кеңесінің мүшесі, жазушы, ілеспе аудармашы Камал Әлпейісова, Астана қаласы ҚХА Медиация кеңесінің төрағасы Сымбат Шакиров, ҚХА Ғылыми-сарапшылық кеңесінің Жас ғалымдар клубының төрағалары Олжас Бейсенбаев, Эльмира Отар және клуб мүшелері қатысты. Кездесу барысында қатысушылар ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің қызметі, этносаралық саладағы мемлекеттік саясаттың басым бағыттары мен міндеттері туралы ой бөлісті. Жиында эносаралық сала мемлекеттік саясаттың маңызды бағытының бірі болып қала беретініне ерекше назар аударылды. Сондай-ақ этносаралық келісімнің негізі – азаматтардың этносына қарамастан құқықтарының теңдігін қамтамасыз ету, дискриминация мен ксенофобияға жол бермеу мәселелері талқыланды. ҚХА Хатшылығы мен «Қоғамдық келісім» РММ қызметкерлері ҚХА-ның ақпараттық саясаты және қоғамдық келісім мен халық бірлігін нығайту тақырыбын баяндады. Отырыста қатысушылар этносаралық саладағы мемлекеттік саясат және ҚХА қызметі туралы жан-жақты ақпарат алды. Қатысушылар елдегі этносаралық татулықты сақтау мәселелерін шешуде ашық диалог пен бірлескен күш-жігердің маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар, этносаралық саланы зерттеуде бірлесе жұмыс жасау туралы жоспарларымен бөлісті.
- 12.12.2024
- 15