- Блогтар
- Ахметжанов М.М.
Ахметжанов М.М.
Ақмола облысының әкiмi
Ақмола облысында алғаш рет зейнеткерлерге тегін жол жүру үшін қаражат қарастырылды
Көкшетау қаласында 2025-2027 жылдарға арналған бюджет жобасын бекіту мақсатында облыстық мәслихаттың сессиясы өтті. Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов депутаттарға облыс бюджетіндегі негізгі бағыттарды таныстырды.
Келесі жылы облыста алғаш рет Көкшетау қаласының зейнеткерлеріне қоғамдық көлікте тегін жол жүру үшін қаражат қарастырылған. Сондай-ақ, зейнеткерлерге санаторлық-курорттық емдеу үшін қаражат бөлу жоспарланған. Осы шараларды іске асыруға шамамен 3 млрд теңге бөлінбек.
Тағы бір маңызды жоба – Көкшетау қаласында Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының ашылуы. Бұл орталық зейнеткерлердің белсенді және дені сау өмір салтын сақтауға арналған орын болады.
Марат Ахметжанов атап өткеніндей, бұл шаралар өңірлерге таралып, облыс тұрғындарының мүмкіндігінше көп бөлігін қамтуы тиіс.
Айта кетейік, жалпы зейнеткерлерді, мүмкіндігі шектеулі азаматтарды қолдауға және халықтың өмір сүру сапасын арттыруға 17 млрд теңге бөлінеді.
- 12.12.2024
- 24