• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Ахметжанов М.М.
Ахметжанов М.М.

Ақмола облысының әкiмi

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Ақмола облысында 2025-2027 жылдарға арналған бюджет бекітілді

Көкшетауда Ақмола облысының 2025-2027 жылдарға арналған бюджеті бекітілген облыстық мәслихат сессиясы өтті. Облыс әкімі Марат Ахметжанов өңірдің дамуына бағытталған бюджеттің негізгі басымдықтарын таныстырды.

Бюджеттің шамамен 60%-ы әлеуметтік блокқа бағытталған. Қаражаттар медициналық-әлеуметтік мекемелерді ұстауға, жұмыссыздықты азайту шараларына және әлеуметтік төлемдерге жұмсалатын болады. Сонымен қатар, алғаш рет зейнеткерлер үшін санаторий-курорттық емделуге және Көкшетау қаласында қоғамдық көлікте тегін жүруге қаражат бөлінді.

Бюджет есебінен өңірде мектепке дейінгі, орта және кәсіби-техникалық білім беруді сапалы қамтамасыз етуге жағдай жасалуда. 2025 жылы білім беру ұйымдарындағы жөндеу жұмыстарына қосымша акмолалық мектептердегі тамақтану сапасын жақсартуға да қаржы қарастырылған.

Денсаулық сақтау ұйымдарын жөндеуге және материалдық-техникалық базаны жақсартуға шамамен 6 млрд теңге бөлінді. Сондай-ақ, келесі жылдан бастап аса тапшы мамандықтар бойынша медициналық қызметкерлерге 8,5 млн теңге көлемінде көтерме төлемдер беріле бастайды.

Агроөнеркәсіптік секторға ерекше назар аударылған. Тұқым шаруашылығы мен басым дақылдарды дамытуға субсидиялар ретінде 51,5 млрд теңге қарастырылған. Ауыл шаруашылығы техникасын жаңарту жұмыстары жалғасуда. «Кең дала 2» бағдарламасы аясында егіс жұмыстарына дайындық үшін жеңілдетілген несиелерге өтінімдер қабылдануда.

Тұрғын үй-коммуналдық және көлік инфрақұрылымын дамытуға 87 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді. Халықтың әлеуметтік осал топтары үшін тұрғын үйді сатып алу бағдарламасы жалғасады. 2024 жылы Көкшетауда тұрғын үй қорын реновациялау бағдарламасы басталды. Облыс орталығында 11 локалды аймақтың тұрғын үйлерін кезең-кезеңімен жаңарту жоспарлануда.

Облыс әкімі жоспарлаудың тиімділік принципін ұстану және ауылдарды тең жағдайлармен қамтамасыз ету қажеттігін ерекше атап өтті.

«Жұмысты тиімді жоспарлауға көшу, бюджетті басқарудан нәтижені басқаруға өту керек. Бұл тек жөндеу жұмыстарына ғана емес, құрылысқа жоба-сметалық құжаттамаларды әзірлеуге де қатысты», – деді Марат Ахметжанов.

Сондай-ақ, әкім жобаларды жүзеге асыруда әкімдер мен басқарма басшылары тарапынан тиісті бақылаудың болмауына назар аударды. Облыс депутаттарына жүгінген Марат Ахметжанов жобаларды іске асыруды бақылауда белсенділік таныту қажеттігін атап өтті.

Сонымен қатар, ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында жобаларды цифрландыру процесін бастау тапсырылды. Бұл жүйе деректерді басқарудағы маңызды құралға айналатын Ситуациялық орталықтың негізгі элементтерінің бірі болмақ.

Қорытындылай келе, облыс әкімі жергілікті бюджеттің кірісін арттыру резервтерін пысықтау қажеттігін баса айтты.

«Кәсіпкерлікке, әсіресе шағын және орта бизнеске жағдай жасаңыздар. Салық базасын ұлғайтыңыздар. Бұл түптеп келгенде өңірлерде экономиканы екі еселеуге алып келеді. Сонда өз бюджетіміздің есебінен қаржыландыру мүмкіндігі артады», – деп түйіндеді Марат Ахметжанов.

  • 12.12.2024
  • 71
Ахметжанов М.М.

Ақмола облысының әкiмi

Ахметжанов М.М.
(Мұрағат)

Ақмола облысының әкiмi

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика