• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Нұрдәулет Қилыбай Ақтау қаласының тұрғындарымен кездесті

Бүгін, 12 желтоқсан күні, Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай Ақтау қаласының тұрғындарымен ауқымды кездесу өткізді. Оған 600-ден астам адам қатысып, қаладағы түйіткілді мәселелерді жеткізді.

Алдымен Ақтау қаласының әкімі Әбілқайыр Байпақов 2024 жылдың 10 айының қорытындысы бойынша қаланың әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштеріне шолу жасап, атқарылған жұмыстар туралы есеп берді.

Әбілқайыр Байпақовтың мәліметінше, қаладағы су тапшылығы мәселесін шешу мақсатында бес ірі жоба іске асырылып жатыр. Атап айтқанда, «Каспий» тұщыту зауытының қуаттылығын екі есеге арттыру, жеке инвесторлар есебінен жаңа тұщыту зауыттарын салу және «МАЭК» аумағында кері осмос әдісі арқылы су өндіру жобалары бар.

Инфрақұрылымды дамыту аясында биыл «МАЭК» ЖШС-нің 11,4 шақырым жылу жүйелері жаңартылды. Бұл 2026 жылға дейін кезең-кезеңімен 44 шақырымды қамтиды. Сондай-ақ, қазан айынан бастап 16-шағынауданда 905 метр кәріз және су құбырлары салынды. Ал 15-шағынауданда абаттандыру жұмыстары жалғасып, 35-шағынауданда жолдар мен инженерлік желілердің құрылысы жүргізілуде.

Кәсіпкерлікті қолдау бағытында, ауыл шаруашылығы өнімдерін қолжетімді бағамен ұсыну үшін жыл басынан бері облыстық мешіт жанында 50-ден астам жәрмеңке өткізілді. Жергілікті өндірушілерге өнімдерін делдалсыз сату үшін жаз мезгілінде 68 сауда орны ұйымдастырылды.

Биыл Ақтауға 300 мыңнан астам турист келген, бұл өткен жылмен салыстырғанда 7%-ға көп. Туризм саласын дамыту мақсатында теңіз жағалауындағы «4» А шағынауданы абаттандырылып, жаяу жүргіншілер жолдары, шезлонгтар, жарық шамдары және арт-нысандар орнату жұмыстары басталмақ. Сонымен қатар, Ақтау Түрікменстанның Анау қаласынан «Түркі әлемінің мәдени астанасы» мәртебесін қабылдап, 2025 жылы наурыз айынан бастап бірқатар мәдени іс-шараларды ұйымдастыруға дайындық жүргізуде.

Ақтау қаласында 2024 жылы 8 инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарланған. Олардың ішінде газобетон өндіру зауыты, аммоний сульфатын өндіру зауыты, Абай атындағы ұлттық мектеп құрылысы, көтерме-тарату орталығы, көпфункционалды өндірістік база және тұрғын үй кешендерін салу сияқты жобалар бар. Қазіргі уақытта 7 жоба іске асырылды. Қалған бір жоба жылдың соңына дейін аяқталады. Ал алдағы үш жылда 21 жаңа инвестициялық жоба жүзеге асырылып, өңірдің экономикалық әлеуеті артпақ.

Кездесу барысында жергілікті тұрғындар ауыз су, жылу жүйесі, азық-түлік бағасының тұрақтылығы, жол белгілері, тұрғын үй алу, қала ішіндегі жол, салымшылар мәселесі сынды көптеген өзекті сұрақтарды көтерді. Сондай-ақ, туризм, мәдениет және спорт салаларын дамытуға қатысты ұсыныстар айтылды.

Облыс әкімі тұрғындардың өтініштерін тыңдап, жауапты сала басшыларына туындаған мәселелерді заң аясында шешуді тапсырды.

Кездесуден кейін Нұрдәулет Қилыбай жеке мәселелері бойынша тіркелген қала тұрғындарын қабылдауға кірісті.

Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі

  • 12.12.2024
  • 75
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

Қилыбай Н.И.
(Мұрағат)

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика