• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Маңғыстау облыстық мәслихатының 2024 жылдағы соңғы сессиясы өтті

13 желтоқсанда Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбайдың қатысуымен 8-сайланған облыстық мәслихаттың кезекті он жетінші сессиясы өтті. Жиында 2025-2027 жылдарға арналған облыс бюджетін талқылау, облыстық мәслихаттың тұрақты комиссияларының есептері, облыстық мәслихаттың 2025 жылға арналған жұмыс жоспары, партиялық фракциялардың тіркеуі қаралды.

Сессия барысында Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Светлана Нарешова 2025-2027 жылдарға арналған облыс бюджеті туралы баяндады. Басқарма басшысының мәліметінше, бюджеттің негізгі үлесін, яғни 68%-ын, әлеуметтік сала шығыстары құрайды. Сонымен қатар, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт және ауыл шаруашылығына бағытталған шығыстар да бар.

- Білім беру саласында облыс бойынша 402 балабақша, 210 мектеп және 26 колледж қаржыландырылады. Ал денсаулық сақтау саласында тұрақты түрде тегін берілетін дәрі-дермектерге, медициналық ұйымдарды жабдықтармен қамтамасыз етуге қаражат толық көлемде қарастырылды. Сондай-ақ, әлеуметтік қамсыздандыру саласында мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек, мүгедектігі бар азаматтардың құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсартуға қаржы бөлінеді, - деді Светлана Нарешова.

Жиынды қорытындылаған облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбай 2025 жылға арналған жоспарларға тоқталды.

- Бүгін осы жылдың соңғы сессиясын қорытындылап отырмыз. Жыл бойы халық қалаулыларымен бірге көптеген мәселелер талқыланды. Облыс дамуында, ел үшін еткен қызметтеріңізге, қолдауларыңызға алғыс білдіремін. Келесі жылы өңірде туризмді дамытуға бағытталған бірнеше ауқымды жобаларды жүзеге асыру жоспарда бар. Өздеріңізбен бірге маңызды бастамаларды іске асырамыз деген сенімдемін, - деді Нұрдәулет Қилыбай.

Маңғыстау облысының әкімінің баспасөз қызметі

  • 13.12.2024
  • 107
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

Қилыбай Н.И.
(Мұрағат)

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика