- Блогтар
- Такиев М.Т.
Такиев М.Т.
ҚР Қаржы министрі
Қайтарылған активтер қалай пайдаланып жатыр?
Қайтарылған активтерді өткізу қатаң түрде ашықтық пен қолжетімділік қағидаттарына сәйкес жүргізіледі. Барлық процедура арнайы әзірленген ережелерге негізделген.
Айталық, Қазақстанда орналасқан активтер www.e-qazyna.kz Мемлекеттік мүлік тізілімінің порталы арқылы сатылады. Бұл портал сатылатын активтер туралы ақпаратқа қолжетімділікті барынша қамтамасыз етіп, барлық сауда қатысушыларына тең жағдайларға мүмкіндік береді.
Шетелдегі активтер халықаралық консалтингтік компаниялар мен шет мемлекеттердегі нарықтардың ерекшеліктерін ескеретін мамандандырылған платформалар арқылы саудаланады. Бұл тәсіл Қазақстаннан тыс жерлердегі активтерді сатудан түсетін кірістерді барынша арттыруға кепілдік береді.
Активтерді сату бойынша жұмыс олардың ерекшелігі, нарықтағы құны мен стратегиялық маңыздылығын ескере отырып жүйелі түрде жүргізіліп келеді. Бұл жинақталған қаражатты қоғам мен мемлекет мүддесіне сай пайдалану үшін Арнаулы мемлекеттік қорға жіберуге жол ашады.
- 18.12.2024
- 13