- Блогтар
- Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.
Маңғыстау облысының әкімі
Биыл Маңғыстау облысында өңдеу өнеркәсібі 116% өсті
Биыл 11 айдың қорытындысы бойынша өңір экономикасының негізгі көрсеткіштері оң нәтижеге қол жеткізді. Оның ішінде:
- жалпы өңірлік өнім – 2,2 трлн.теңге немесе 100,9%;
- өнеркәсіп өнімі – 2,8 трлн.теңге немесе 104,2%;
- өңдеу өнеркәсібінің өнімі – 252,5 млрд.теңге немесе 116,2%;
- ауыл шаруашылығы өнімі – 34,5 млрд.теңге немесе 101,6%;
- тұрғын үйді іске қосу – 791,2 мың шаршы метр немесе 102,4%;
- ақпарат және байланыс – 14,7 млрд.теңге немесе 105,9%;
- сауда көлемі – 934,0 млрд.теңге немесе 106,8%.
Бұл туралы ОКҚ баспасөз конференциясы барысында Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай мәлімдеді.
«Облыс дамуының негізгі бағыттары - өңдеу өнеркәсібі, туризм, көлік және логистика, шағын және орта бизнес, сондай-ақ агроөнеркәсіп салалары болып қала бермек.
Аталған бағыттардың тұрақты дамуына тың серпін беру үшін өңірге инвестиция тарту жұмыстары жалғасатын болады. Соңғы бес жылда өңірге 4 трлн. теңге инвестиция тартылды»,- деді спикер.
Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі
- 20.12.2024
- 8