• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Елібаев М.Т.
Елібаев М.Т.

«Қазақстанның Даму Банкі» АҚ Басқарма төрағасы

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Sustainable Fitch ҚДБ-ның ESG-рейтингін «2» деңгейіне дейін көтерді

Sustainable Fitch рейтингтік агенттігі (бұдан әрі – агенттік) «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ ESG-рейтингін «3» деңгейінен «2» деңгейіне дейін көтерді. Бұған дейінгі көрсеткіш 100-ден 60 балл болса, ендігі кезекте 64 балға дейін жоғарылады. Бұл Банктің, оның қарыз алушыларының қызметіне ESG қағидаттарын енгізу және тұрақты қаржыландыруды дамыту жөніндегі тиімді жұмыстың көрсеткіші.

2024-2033 жылдарға арналған ұзақ мерзімді стратегияға сәйкес ҚДБ Банктің ел экономикасына қосқан үлесін ұлғайтуға, активтерді тиімді басқаруға және тұрақты дамуға ерекше назар аударады. ESG-рейтингінің жоғарылауы Банктің тұрақты даму, басқарудың ашықтығы және әлеуметтік жауапкершілік қағидаттарына сәйкес екендігін сипаттайды.

Агенттік Банктің қызметі кредиттік және лизингтік қоржынында «жасыл» және әлеуметтік жобалардың едәуір үлесі белгіленген Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуына оң әсер ететінін атап көрсетеді.

Айта кетерлігі, ҚДБ тұрақты жобаларды жүзеге асыру үшін «жасыл» және тұрақты облигацияларды нәтижелі шығарып, UN Global Compact, Green Investment Principles және Global Capacity Building Coalition сияқты бірқатар халықаралық бастамаға қосылды.

ESG-рейтингінің жоғарылауына GRI, SASB, IFRS S1, S2 халықаралық стандарттарына, сондай-ақ ҚНРДА және KASE Ұлттық талаптарына сәйкес ESG ақпаратын ашуды жақсарту әрі оны жылдық есеп шеңберінде верификациялауды жүргізу айтарлықтай әсер етті. Шығарындылар мен ресурстарды тұтынуды азайту, сондай-ақ Банктің көміртегі ізі мен қаржыландырылатын шығарындылар туралы мәліметтерді ашу бойынша ESG-дің белгіленген мақсаттары оң үлес қосты.

Агенттік ҚДБ-ның корпоративтік басқаруын жоғары бағалап, процестердің ашықтығы мен тиімділігін, соның ішінде директорлар кеңесінде тәуелсіз директорлардың болуын, сонымен бірге аудит жөніндегі комитет пен ішкі аудит қызметінің жұмысын атап өтті. Sustainable Fitch Банктің әлеуметтік көрсеткіштеріне де ерекше назар аударды. Олардың қатарында, қызметкерлер мен басшылық құрамындағы гендерлік теңдік пен инклюзивтіліктің жақсы деңгейі, қайырымдылық пен демеушілік жобаларға қатысу, сатып алулардағы жергілікті жеткізушілердің үлесін ұлғайту, сондай-ақ клиенттердің арасында қанағаттанушылық деңгейін бағалау үшін тоқсан сайын жүргізілетін әрі нәтижелері сайтта жарияланатын сауалнамалар бар.

Sustainable Fitch жаңалығына сілтеме:

https://www.sustainablefitch.com/banks/sustainable-fitch-upgrades-development-bank-of-kazakhstan-jscs-esg-entity-rating-to-2-13-12-2024

  • 20.12.2024
  • 76
Елібаев М.Т.

«Қазақстанның Даму Банкі» АҚ Басқарма төрағасы

Елібаев М.Т.

«Қазақстанның Даму Банкі» АҚ Басқарма төрағасы

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика