- Блогтар
- Такиев М.Т.
Такиев М.Т.
ҚР Қаржы министрі
ҚР ҚМ-нің сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған жұмысы мен алдын алу амалдары
Сыбайлас жемқорлық – кез келген мемлекеттің дұрыс дамуына кедергі келтіретін әлеуметтік қауіп. Сондықтан да сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл – ҚР Қаржы министрлігінің қызметіндегі басымдыққа ие міндеттердің бірі.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес сыртқы әрі ішкі әдістермен жүзеге асырылып келеді. Ішкі қорғаныс тәсілі билік органдарының өкілеттіктерін нақты ажыратудан, бақылаудан және тұрақты ағартушылық жұмыстан тұрады. Министрліктің барлық құрылымында Әдеп жөніндегі уәкілдердің жұмысы жолға қойылған. Олар ұжымдағы сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне қарсы тұру мен «мүлдем төзбеушілікті» қалыптастыруды қамтамасыз етеді. Сол секілді ведомстволық бағынышты ұйымдарда комплаенс-қызметтер жұмыс істейтінін атап өткен орынды. Олар сыбайлас жемқорлықпен күреске байланысты дәрістер мен семинарлар өткізіп, ашықтықты нығайтуға септеседі.
Бұдан бөлек алдын алу шараларының негізгі бағыты әкімшілік кедергілерді азайтып, жұмыс процестерінен адам факторын арылтатын автоматтандыру мен цифрландыруды енгізу болып саналады.
Айталық, цифрландыру мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз етумен бірге азаматтың шенеунікпен тікелей байланысын, яғни «тұрмыстық» сыбайлас жемқорлық қатердің алдын алып, барлық рәсімді бюрократиядан арылту арқылы ашықтыққа жол ашады.
- 20.12.2024
- 6