• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Бейсембаев Ғ.Б.
Бейсембаев Ғ.Б.

ҚР Оқу-ағарту министрi

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
2024 жылы елімізде 600 мектеп асханасы модернизациядан өтті

2024 жылдың қорытындысы бойынша 600 білім беру ұйымында асханалар модернизациядан өтті. Бұл мектептерде 200 мыңнан астам бала білім алады.

Модернизация балаларды оқыту мен тәрбиелеу үшін жайлы жағдай жасау, материалдық-техникалық жабдықтауды нығайту, оқу процесінің сапасын арттыру арқылы қала мен ауыл мектептерінің арасындағы алшақтықты азайтуға бағытталған. Бұл бастама Мемлекет басшысының сайлауалды бағдарламасы аясында жүзеге асырылуда.

Мемлекет жыл сайын мектептерді модернизациялауға қаражат бөліп келеді. Мемлекет басшысының тапсырмасымен жыл соңына дейін шағын қалаларда, аудан орталықтарында және ауылдарда орналасқан 1000 мектепті негізгі жеті бағыт бойынша модернизациялау жүргізілуде. Оның ішінде мектептерге ағымдағы және күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, пәндік кабинеттер сатып алынуда, жиһаздары, кітапханалар жаңартылуда, қауіпсіздік жағдайлары жақсартылуда.

Сонымен қатар биылғы жылдың қыркүйегінен бастап 1,7 млн мектеп оқушысы үшін тегін тамақтандыру ұйымдастырылды. Сапалы тамақтандыруды ұйымдастыру мақсатында Министрлік 7 нормативті-құқықтық актіні қайта қарады. Оның ішінде ас мәзірін өңірде шығарылатын отандық өнімді қосып, әзірлеу жөніндегі норма енгізілді. Бракеражды комиссиялар құрылып, оның құрамына ата-аналар, қоғам белсенділері сондай-ақ мектеп әкімшілігі мен медициналық қызметкерлер кірді. Бракеражды комиссиялар үшін мониторингтік топтардың қызмет тәртібі туралы нормалар заң жүзінде бекітілді.

Атап өту керек, Денсаулық министрлігімен бірлесе отырып, білім беру ұйымдарында балаларды тамақтандыру нормалары қайта қаралып, жаңа тамақтандыру стандарты әзірленді. Ол 2025 жылдан бастап жүзеге асырыла бастайды.

 

 

  • 31.12.2024
  • 92
Бейсембаев Ғ.Б.

ҚР Оқу-ағарту министрi

Бейсембаев Ғ.Б.
(Мұрағат)

ҚР Оқу-ағарту министрi

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика