- Блогтар
- Әлиев Ж.Ш.
Әлиев Ж.Ш.
ҚР Экология және табиғи ресурстар Вице-министрі
Атырауға жұмыс сапарымен ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев, Вице-Министр Ахметжан Пірімқұлов жұмыс сапарымен Атырау облысына барды.
Жаңа экологиялық кодексті түсіндіру және қоршаған ортаны қорғау мәселелерін талқылау мақсатында жергілікті атқарушы органдардың өкілдерімен, бірқатар кәсіпорындардың басшыларымен және эколог-белсенділермен кезекті кездесу өтті.
Кеңес барысында Вице-Министр Ахметжан Пірімқұлов заңнамалық акттың новеллаларының негізгі бағыттарын атап өтті.
Сондай - ақ, Атырау қаласының экоактивистері – Жайық-Каспий Орхус орталығының басшысы Шынар ІЗТЕЛЕУОВА, "Атамекен - Эко" қоғамдық қорының басшысы Арман Хайруллин, сондай-ақ АМӨЗ ЖШС, "Теңізшевройл" ЖШС, "НКОК"сияқты бірқатар ірі кәсіпорындардың басшылары сөз сөйледі.
Жиналыстан кейін Министр жаңа НҚА-ны түсіндіру және талқылау үшін жергілікті белсенділермен және журналистермен кездесті.
Жұмыс сапары аясында Министр бағдарлама аясындағы жұмыстармен танысу бойынша "АМӨЗ" ЖШС, сондай-ақ "Каспий бекресі лимитед" және "Орал-Атырау бекіре зауыты" балық өсіру шаруашылығы нысандарын аралады.
"Тазалық" жобасын іске асыру қала атмосферасына теріс әсерді азайтуға мүмкіндік береді, сарқынды суларды тазарту сапасына қол жеткізу арқылы суды қайта пайдалану көлемін арттырады.
Сондай-ақ, Атырау қаласының ауа бассейнінің ластануына елеулі үлес қосатын көлемі 8000м2 ашық сыйымдылықтарды жою жүргізілетін болады.
Сонымен қатар, бұл жобаның маңызды факторы "АМӨЗ" ЖШС Жайық өзенінен су алу көлемін азайтады, бұл да өңірдің су ресурсының жағдайына оң әсерін тигізеді.
Сонымен қатар, "Тазалық" жобасында қарастырылған техникалық шешімдер "АМӨЗ" ЖШС-дан "Сасыған сай" булану алаңдарына дейін құбыр желісін тарту арқылы жабық жүйелер бойынша сарқынды суларды ағызуды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
- 23.02.2021
- 524