• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қилыбай Н.И.
Перинаталдық орталық соңғы үлгідегі медициналық құрылғылармен толықты

Маңғыстау облыстық көпбейінді ауруханасының перинаталдық орталығы соңғы үлгідегі, жоғары сапалы медициналық құрылғылармен – гипотермия аппараты, өкпені жасанды желдету құрылғысы және жаңа туған нәрестелерге арналған инкубатормен толықты.
Сәбидің жетілуіне мүмкіндік беретін медициналық жабдықтар Маңғыстау облыстық әкімдігінің және «DUNGA OPERATING GMBH» компаниясының қолдауымен алынды. Құрылғыны табыстауға облыс әкімінің орынбасары Аббат Өрісбаев, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бекболат Ізбасаров, демеуші компанияның бас директоры Нұржан Әбдірахманов және көпбейінді аурухананың директоры Руслан Бекібаев қатысты.

Перинаталдық орталықтың жансақтау бөлімі меңгерушісі, неонатолог-дәрігер Умид Рашидовтың айтуынша, гипотермия аппараты ауыр асфиксиямен туған сәбидің өмірін құтқарып, бас-ми ісігінің алдын алу үшін қажет. Аппарат жаңа туған нәрестенің дене қызуын қалыпты жағдайда ұстап тұруға көмектеседі. Содан кейін баланы біртіндеп жылытады. Бала ағзасындағы метаболизмді өзгертуге, миды глюкозамен қамтамасыз ете отырып, орталық жүйке жүйесінің жасушаларын қайтымсыз зақымданулардан қорғауға мүмкіндік береді.

Бұдан бөлек медициналық орталықта шала туған нәрестелерге арналған 8 инкубатор сатып алынды. Мұнда шала туған нәрестелер салмақ қосқанға дейін жата алады. Барлығы автоматты түрде жұмыс істейді, яғни, ылғалдылығы, температурасы сақталып, балаға қажетті жағдай жасайды.

Айта кетсек, перинаталдық орталықтың жансақтау бөлімі былтыр ақпанда ашылған. Бөлімше 6 нәрестеге арналған. Қазіргі таңда жансақтау бөлімінде 8 нәресте ем алып жатыр.

  • 15.01.2025
  • 50
Қилыбай Н.И.
(Мұрағат)

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика