• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Байбазаров Н.С.
«Fitch Ratings» рейтинг агенттігі Қазақстанның кредиттік рейтингін «BBB» деңгейінде растады, болжам «тұрақты»

"Fitch Ratings" рейтинг агенттігі 19.02.2021ж. Қазақстанның кредиттік рейтингін "BBB" деңгейінде растады, болжам "тұрақты".

Агенттіктің пікірінше, Қазақстанның тұрақты рейтингі ел экономикасының тұрақтылығының жоғары деңгейін көрсетеді.

Рейтинг агенттігі мұнай бағасына және коронавирус індетінің таралуына байланысты айқынсыздыққа қарамастан, елде мемлекеттік қарыздың төмен деңгейі мен қолданыстағы және ықтимал сыртқы күйзелістерді азайту үшін қажетті фискалдық резервтердің едәуір көлемі сақталып отырғанын атап өтті.

Кредиттік бағалау тұрақтылығының оң факторы мемлекеттік институттардың сапасының жақсартылуы болып отыр.

Fitch рейтинг агенттігі 2020 жылы ұлттық экономиканың тұрақтылығын қамтамасыз етудегі нақты сектордың, оның ішінде өңдеу өнеркәсібінің, құрылыс пен ауыл шаруашылығының рөлін атап өтті. Агенттіктің бағалауы бойынша, 2021 жылы экономиканың өсу қарқыны 3,5% құрайды.

«Fitch Ratings» атап өткендей, Ұлттық банктің құбылмалы айырбас бағамы саясаты күйзелістерді сіңіруге мүмкіндік берді, ал теңге бағамының икемділігі 2014-2015 жылдары мұнай бағасы құлдырағаннан бері экономикалық саясат тетігінде елеулі жақсартуға айналды.

«Fitch Ratings» агенттігі Қазақстанның егемен кредиттік рейтингін одан әрі арттырудағы негізгі факторлар ретінде экономикалық саясаттың болжамдылығы мен тиімділігін ұлғайтуға, сондай-ақ ел экономикасын әртараптандыру және фискалдық резервтерін өсіру жөніндегі шараларды іске асыруды жалғастыруға бағытталған құрылымдық институционалдық реформалардың одан әрі жүргізілуін келтіреді.

Бұған дейін, 17.02.2021ж. Қазақстан экономикасына қатысты кредиттік пікірді Moody’s кредиттік агенттігі жариялаған болатын.

Жаңартылған кредиттік пікірге сәйкес, Қазақстанның рейтингі Baa3 «Оң» болжамды пандемияға дейінгі көрсеткіштеріне сай келеді.

  • 23.02.2021
  • 274
Байбазаров Н.С.
(Мұрағат)

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика