• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Байбазаров Н.С.
Әсет Ерғалиев Сенат жанындағы Жас сарапшылар клубымен кездесті

Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев Экономикалық зерттеулер институты базасында Сенат жанындағы Жас сарапшылар клубының жұмысына қатысты. Кездесуге қатысушылар Қазақстанның экономикалық дамуының ең өзекті мәселелерін талқылады.

Кездесуді ашқан Ұлттық экономика министрлігінің басшысы пандемия жаһандық экономикалық жүйеге айтарлықтай өзгерістер енгізгенін атап өтті. Әсет Ерғалиев қазіргі кезеңдегі мемлекетіміздің экономикалық дамуын анықтайтын үрдістерді талдап, ведомствоның жүргізіп жатқан жұмысы туралы айтып берді.

Ол көптеген елдер өткен жылы экономиканы, соның ішінде Қазақстан да қолдаудың теңдессіз шараларын қабылдағанын атап өтті. 2020 жылы дағдарысқа қарсы шаралардың 3 пакеті қабылданып, іске асырылды. Бұл халық пен бизнесті қолдау жөніндегі шұғыл шаралар, әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты сақтау жөніндегі жедел шаралар және экономикалық өсуді қалпына келтіру жөніндегі кешенді жоспар.

«Жедел әрекет ету шараларын қолдана отырып, әлеуметтік-экономикалық жағдайды тұрақтандыруға тырысып, біз әрқашан елдің ұзақ мерзімді міндеттері туралы ойладық және ойлай береміз, сондықтан экономикалық саясатта теңгерімді көзқарасты ұстанамыз. Экономикалық тұрақтылықты қолдау бойынша барлық қысқамерзімдік шешімдер елдің экономикалық дамуының стратегиялық міндеттерін міндетті түрде ескереді», - деді Әсет Ерғалиев кездесуге қатысушыларға арнаған сөзінде.

«ҚР Президенті жанынан құрылған реформалар жөніндегі Жоғары Кеңес экономикалық саясаттың ұзақмерзімдік міндеттерімен белсенді жұмыс істеуде. Кеңестің өткен отырысында кәсіпкерлікті қолдау бойынша шұғыл шаралар пакеті қабылданды. Сонымен қатар, ортамерзімдік, ұзақмерзімдік шараларды әзірлеу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Бүгін ҚР Үкіметі еліміздің 2025 жылға дейінгі дамуының ұлттық жоспарын әзірлеуде. Бұл еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының барлық басым салаларын сипаттайтын құжат», - деді министр.

Айта кетейік, сарапшылар бюджет саясатының, мемлекеттік жоспарлау жүйесін реттеудің маңызды мәселелерін қозғады, сондай-ақ бюджет саясатының жаңа тұжырымдамасына өз ұсыныстарын берді.

Кездесуді қорытындылай келе, Әсет Ерғалиев сарапшылардың сындарлы ұсыныстары үшін алғысын білдіріп, келіп түскен ұсыныстарды егжей-тегжейлі талқылауға және оларды одан әрі жұмыста ескеруге дайын екенін білдірді.

  • 23.02.2021
  • 233
Байбазаров Н.С.
(Мұрағат)

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика