- Блогтар
- Байбазаров Н.С.
Байбазаров Н.С.
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі
ОДМ: Қазақстан 10 жыл ішіндегі аралық нәтижелерді ұсынды
Орнықты даму саласындағы ұлттық мақсаттар мен міндеттерді іске асыру мониторингі жөніндегі парламенттік комиссияның кеңейтілген отырысында Премьер-Министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров Қазақстанның соңғы 10 жылдағы ОДМ-ға қол жеткізу жұмыстарының аралық нәтижелерін ұсынды.
SDG Index Орнықты даму жаһандық рейтингінің деректері бойынша соңғы бес жылда Қазақстан индексі шамамен 71 баллды құрайды. 2024 жылғы қорытынды бойынша Қазақстан рейтингі бар 167 елдің ішінде 66-орынға ие болды.
Вице-премьер Қазақстанда ОДМ-ды тиімді іске асыру үшін берік институционалдық негіз құрылғанын атап өтті. ОДМ жөніндегі үйлестіру кеңесі мен Орнықты даму мақсаттарына қол жеткізуді мониторингілеу комитеті жұмыс істейді.
Үкімет мақсаттарды елдің негізгі стратегиялық құжаттарында, оның ішінде өңірлік даму құжаттарында айқындауды ескере отырып, интеграциялау жөнінде шаралар қабылдады. Соның арқасында денсаулық сақтауды, білім беруді, ғылымды, экологияны, кәсіпкерлікті және т.б. басым салаларды дамыту бойынша жүйелі жұмыс жүргізілуде.
Қазақстан Париж келісімі шеңберінде экономиканы декарбонизациялау шараларын іске асыруды жалғастыруда. 2023 жылы 2060 жылға дейінгі Көміртегі бейтараптығына қол жеткізу стратегиясы бекітілді. Бұл климаттың өзгеруіне қарсы күрестегі маңызды қадам.
2025 жылы БҰҰ Жоғары деңгейдегі саяси форумында Қазақстан өңірлерде ОДМ-ды айқындауға, гендерлік теңдік пен жастар саясатына баса назар аударылатын үшінші Ерікті ұлттық шолуды ұсынады.
- 17.01.2025
- 60