• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Ақтауда озық үлгідегі «Жайлы мектеп» ашылды

Бүгін, 20 қаңтар күні, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында Ақтау қаласының 17-ші жаңа шағынауданында жаңа мектептің салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Бұл жыл басынан бері Маңғыстау облысында ашылған екінші жайлы мектеп.

Шараға өңір басшысы Нұрдәулет Қилыбай, облыс мәслихатының төрағасы Жаңбырбай Матаев, қоғам қайраткерлері мен білім саласының ардагерлері, мемлекеттік білім беру ұйымдарының өкілдері және ата-аналар қатысты.

Салтанатты шарада жаңа мектептің ашылуымен құттықтаған ардагер ұстаздар білімді ұрпақ – елдің ертеңі мен болашағы екенін айтып, олардың сапалы білім мен саналы тәрбие алуда ұстаздарға артылатын жүктің маңыздылығын атап өтті.

Жалпы аумағы 10 400 шаршы метрді құрайтын жаңа білім ордасы 900 орынға шақталған. Қазір мұнда екі ауысымда 1 908 оқушы білім алуда. Оларға 143 педагог сапалы білім бермек.

Мектеп 53 заманауи пән кабинетімен жабдықталған. Оқушылардың шығармашылығын дамыту үшін STEM зертханалары, қыш өнері, визуалды дизайн және хореография кабинеттері бар. Сонымен қатар ерекше білімді қажет ететін оқушылар үшін сенсорлық кабинет, логопед, дефектолог және психолог кабинеттері соңғы үлгідегі жабдықтармен қамтамасыз етілген.

Жалпы, биыл «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында Маңғыстау облысында 13 жаңа мектеп пайдалануға беріледі. Оның ішінде Ақтаудың 17, 19 және 33-ші шағынаудандарында, сондай-ақ Мұнайлы ауданының Батыр ауылындағы Хазар шағынауданында 4 500 орындық 4 мектептің құрылысы аяқталды.

Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі

  • 20.01.2025
  • 52
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

Қилыбай Н.И.
(Мұрағат)

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика