• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Нұрдәулет Қилыбай ауыл мәртебесін көтеру мақсатында “Үздік ауыл әкімдігі” рейтингін өткізуді тапсырды

Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай өңірдегі ауыл әкімдіктерінің жұмыс сапасын арттырып, аймақ халқының өмір сүру деңгейін көтеру мақсатында “Ең үздік ауылды” анықтап, “Үздік ауыл әкімдігі” рейтингін өткізуді тапсырды.

-Қазақстан Республикасы Президентінің жолдауында айқындалған ауыл халқының тұрмыс-тіршілігін көтеру мақсатында облысымыздағы ауыл әкімдіктері арасында байқау жариялауды жөн санадық. Негізгі мақсат - ауыл мәртебесін көтеру, жағдайын ілгерілету, экономикасын дамыту, ауыл әкімдері мен қызметкерлерін жігерлендіру, дербестігін және жауапкершілігін арттыру, - деді аймақ басшысы Нұрдәулет Қилыбай.

“Үздік ауыл” жобасы ауылдың тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жағдайы (газ, су, тоқ, интернет, қоқыс),
қаржылық тұрақтылық, шағын және орта бизнесті қолдау, ауыл шаруашылығының өркендеуі, жұмыспен қамтылған халық саны, қоғамдық тәртіп, әлеуметтік сала көрсеткіштері, ауылдағы мектеп түлектерінің ҰБТ нәтижесі негізінде қорытындыланады.

Үздіктерді мәслихат депутаттары мен қоғам белсенділерінен құрылған арнайы комиссия анықтайды. Байқау жылдың соңында қорытындыланып, жеңімпаздар салтанатты түрде марапатталады.

Өңірде алғаш рет бастау алатын жоба жыл сайын өткізілмек. Қазіргі таңда Маңғыстау облысында 46 елді мекен бар.

Көрсеткіштері жоғары үздік ауыл әкімдері мен әкімдіктерге:

- 1 орынға - коммуналдық шаруашылық техникасы беріледі және әкімшілік ұжымы (ауыл әкімінен бастап техникалық қызметкерлерге дейін) 6 лауазымдық жалақымен марапатталады, ауыл әкіміне қызметтік автокөлік беріледі;
- 2 орынға - әкімдік ұжымы (ауыл әкімінен бастап техникалық қызметкерлерге дейін) 4 лауазымдық жалақымен марапатталады;
- 3 орынға - әкімдік ұжымы (ауыл әкімінен бастап техникалық қызметкерлерге дейін) 2 лауазымдық жалақымен марапатталады.

Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі

  • 24.01.2025
  • 59
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

Қилыбай Н.И.
(Мұрағат)

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика