- Блогтар
- Саткалиев А.М.
Саткалиев А.М.
ҚР Энергетика министрі
Энергетика министрлігінде Мұнай-газ, мұнай өңдеу және мұнай-газ-химия салаларындағы кәсіптік біліктілік жөніндегі салалық кеңестің отырысы өтті
2025 жылғы 21 қаңтарда Мұнай-газ, мұнай өңдеу және мұнай-газ-химия салаларындағы кәсіптік біліктілік жөніндегі салалық кеңестің отырысы өтті.
Отырыста күн тәртібіндегі бірінші мәселеге сәйкес ҚР Энергетика министрлігі әзірлеген Салалық кеңестің 2025 жылға арналған жұмыс жоспары қолдау тауып, келісілді.
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігі жанындағы Кәсіптік біліктілік жөніндегі Ұлттық органның сарапшысы қатысушыларды органның ағымдағы қызметімен және осы жылға арналған жоспарлары туралы хабардар етті.
Мемлекет басшысы 2025 жылы жариялаған «Жұмысшы мамандықтар» жылы аясында Қазақстанда ҚР Оқу-ағарту министрлігінің өкілдері мұнай-газ саласы үшін техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлау жөніндегі шаралар туралы ақпарат ұсынды.
Салалық кеңес отырысында Қазақстанның Мұнай-газ, мұнай өңдеу және мұнай-газ-химия өнеркәсібіндегі кәсіби біліктілікті дамыту және арттыру үшін талқыланған тақырыптардың маңыздылығы атап өтілді.
- 28.01.2025
- 38