• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Нағаспаев Е. Қ.
Қанат Шарлапаев Сауд Арабиясына министрлер деңгейіндегі дөңгелек үстелге қатысу үшін келді

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласына Future Minerals форумына қатысу үшін келді.

         Future Minerals Forum (FMF) пайдалы қазбалар өнеркәсібінің болашағын талқылауға арналған жетекші алаңдардың бірі. Платформа үкіметтерді, халықаралық ұйымдарды және мүдделі тараптарды біріктіретін жаһандық салалық байланыстарға арналған платформа ретінде қызмет етеді.

         Министр жыл сайынғы министрлердің дөңгелек үстелінде сөз сөйледі. Кездесуге сондай-ақ Қазақстан Республикасының Сауд Арабиясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Мадияр Меңілбеков қатысты.

Өз сөзінде Қанат Шарлапаев еліміздің маңызды пайдалы қазбаларды жеткізудің жаһандық тізбегінің тұрақтылығына елеулі үлес қосуға ұмтылатынын атап өтті.

         «Біздің әртараптандырылған минералды-шикізаттық базамыз, сенімді материалды инфрақұрылымымыз, білікті жұмыс күші және дамып келе жатқан орта нарықтық бизнеспен еліміз жаһандық жеткізу тізбегінде маңызды рөл атқаруға жақсы жағдайға ие», – деді ол.

         Қазақстан АҚШ тізіміндегі ең маңызды 17 пайдалы қазбаны және Еуропалық Одақ тізіміндегі 19 түрін өндіреді. Сондай-ақ бериллий, титан, тантал, ниобий, рений, сурьма, висмут, селен, теллур бастапқы металл және компоненттер түрінде де бар.

Министр литий-ионды аккумуляторлық катодтардың маңызды құрамдас бөлігі болып табылатын жоғары таза марганец сульфаты моногидратының өндірісін бастау туралы айтты.

         «2026 жылға қарай біз литий-ионды аккумуляторлар үшін маңызды құрамдас болып табылатын сферондалған графитке өңделетін графит кенін өндіруді жоспарлап отырмыз», – қосып айтты Қанат Шарлапаев.

Шетелдік инвестицияларды тарту және саланың бәсекеге қабілеттілігін арттыру бойынша белсенді жұмыстар жүргізіліп жатқан кезде Қазақстанның тау-кен өнеркәсібіндегі инвестициялық ахуал айтарлықтай өзгерістерге ұшырағанын атап өткен жөн.

Қазақстан Республикасының Сауд Арабиясындағы Елшілігінің қолдауымен Министрдің «Ivanhoe Electric», «BHP», «Acwa Power», «Brownstein» және «CityBank» сияқты бірқатар компаниялардың басшыларымен кездесулері ұйымдастырылды. Бұл кездесулер екіжақты ынтымақтастықты нығайтуға және әртүрлі салалардағы перспективалы жобаларды талқылауға ықпал етті.

Қанат Шарлапаев «Ivanhoe Electric» компаниясының бас директоры Тейлор Мелвинмен кездесті. «Ivanhoe Electric» – пайдалы қазбаларды барлаудың озық технологияларын металдарды электрлік барлау жобаларымен біріктіретін американдық компания. Электрметаллдарды барлау жобаларының портфолиосын дамыту арқылы экономиканы электрлендіру үшін қажетті маңызды металдарды табу және жеткізу арқылы Америка Құрама Штаттарының жеткізу тізбегінің тәуелсіздігін қолдайды.

Министр «Acwa Power» төрағасының орынбасары Раад Аль-Саадимен кездесу өткізді. Компания Таяу Шығыстағы, Африкадағы, Орталық және Оңтүстік-Шығыс Азиядағы 13 елде электр станциялары мен тұзсыздандырылған су өндіру зауыттарын дамытады және инвестиция салады.

Қанат Шарлапаев «BHP» коммерциялық директоры Рагнар Уддпен және компанияның корпоративтік мәселелер жөніндегі жаһандық вице-президенті Ник Паркпен кездесу өткізді. BHP – әлемдегі ең ірі тау-кен компаниясы. Негізгі салалардың қатарында мыс, темір рудасын және көмір өндіруді атап өтуге болады. Негізгі тау-кен активтері Австралия мен Чилиде орналасқан.

Келесі кезекте Министр «Citibank» басқарушы директоры, металдар және тау-кен ісі жөніндегі жаһандық басшысы Уильям Хасбендпен кездесу өткізді. Бұл ең ірі халықаралық банктердің бірі. Ол «Citigroup» қаржылық қызметтер корпорациясының бөлігі болып табылады.

  • 31.01.2025
  • 54
Нағаспаев Е. Қ.
(Мұрағат)

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика