• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Нұрдәулет Қилыбай Жаңаөзендегі жаңа зауыттың құрылыс барысымен танысты

Бүгін, 30 қаңтар күні Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай Жаңаөзен қаласында салынып жатқан сорғы-компрессорлық құбырлар мен сорғы штангаларын шығаратын зауыттың құрылысымен танысты.

Аумағы 12 гектарды құрайтын аталмыш жоба 2024 жылы өңір басшысының бастамасымен қаладағы №1 өндірістік аймақта іргетасы қаланған болатын.

Зауыт құрылысын «Қаскор Инжиниринг» ЖШС жүргізуде. Бұл кәсіпорын мұнай-газ саласы мен химиялық өндіріс үшін қажетті жабдықтарды шығаратын өңірдегі жетекші машина жасау компанияларының бірі.

Құрылыс алаңында қазіргі таңда металл конструкцияларды монтаждау 75%-ға аяқталған. Учаске бастығы Жеңіс Тұқаевтың айтуынша, нысанның шатыры мен қасбеті жабылып, құрылыс жұмыстары кестеге сәйкес қарқынды жүргізілуде. Сондай-ақ, қазандық пен қосалқы станцияның құрылысы қатар жүріп жатыр.

Қазіргі таңда құрылыс алаңына 126 адам жұмылдырылған. Жабдықтарды орнату 20 ақпанда басталып, наурыз айының соңына дейін ғимараттың контуры толығымен жабылмақ.

Облыс әкімі құрылыс жұмыстарына қажетті барлық шараларды қабылдап, белгіленген мерзімде аяқтауды тапсырды.

Айта кетейік, Жаңаөзенде сорғы-компрессорлық құбырлар мен сорғы штангаларын өндіретін зауыт салу жұмыссыздық мәселесін шешуге және қаладағы өндіріске қажетті жабдықтарды жергілікті жерде өндіру тиімділігін арттыруға септігін тигізеді.

Сонымен қатар Нұрдәулет Қилыбай Жаңаөзенге сапары барысында шаруа қожалығы иелерімен кездесіп ауылшаруашылығы саласындағы және жалпы елдік мәселелерді талқылады.

Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі

  • 31.01.2025
  • 51
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

Қилыбай Н.И.
(Мұрағат)

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика