• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Елібаев М.Т.
Елібаев М.Т.

«Қазақстанның Даму Банкі» АҚ Басқарма төрағасы

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
ҚДБ мемлекеттік органдардың серверлік инфрақұрылымын дамытуға 34 млрд теңге қарыз қаражатын бөледі

«Қазақстанның Даму Банкі» АҚ (бұдан әрі – Банк, ҚДБ) цифрлық трансформация және технологиялық даму бойынша негізгі мәселелер талқыланған Digital Almaty-2025 форумына қатысты.

«Тұрақты даму мақсаттары: Тұрақты кәсіпорыннан тұрақты өңірге дейін» панельдік сессия аясында ҚДБ Басқарма төрағасы Марат Елібаев БҰҰ-ның тұрақты даму мақсаттарына (бұдан әрі – ТДМ) бейілділігі аясында Банк қызметі және цифрландыруды енгізу «Индустрияландыру, инновациялар және инфрақұрылым» 9-ТДМ-ге қалай қол жеткізуге мүмкіндік беретіні туралы айтып өтті. Банк өз қызметінде 17 ТДМ-ның 14-іне бейілділік танытатынын айта кету керек.

Іс-шара аясында ҚДБ мен «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ (бұдан әрі – «ҰАТ» АҚ) арасында несие желісін ашу туралы келісімге қол қойылды. Бұл келісім Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының ақпараттық жүйелерін серверлік жабдықпен қамтамасыз ету жобасын жүзеге асыруға бағытталған. Аталған жоба «ҰАТ» АҚ үшін қарыз қаражаты пайдаланылатын алғашқы жоба болып табылады.

Қазақстан Республикасының «электрондық үкімет» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының Операторы ретінде «ҰАТ» АҚ мемлекеттік органдар үшін АКТ-инфрақұрылымын дамыту бойынша маңызды жобаны жүзеге асыруға кірісті. Жоба аясында заманауи серверлік жабдық сатып алынып, орнатылады. Жобаның жалпы құны – 34,3 млрд теңге.

28 қаңтарда өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Қазақстанның Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев цифрлық технологияларды кеңінен енгізудің маңыздылығын атап өтіп, сапалы деректер мен олардың сенімді қорғалуына негізделген өзін-өзі қамтамасыз ететін цифрлық экожүйені құру міндетін қойды.

Бұл жобаны іске асыру мемлекеттік ақпараттық жүйелердің тұрақты және сенімді жұмысын қамтамасыз ететін инфрақұрылымды құруға мүмкіндік береді. Бұл тек деректерді қорғау деңгейін арттырып қана қоймай, сонымен қатар елдің цифрлық трансформациясы жолындағы маңызды қадам болып, мемлекеттік қызметтердің сапасын жақсартуға ықпал етеді

«ҰАТ» АҚ-да ҚДБ-мен бірлесіп қаржыландыруды тарту жобаны іске асыру үшін қажетті қолдауды қамтамасыз ететінін атап өтті, бұл серверлік инфрақұрылымды бюджет қаражатын айтарлықтай пайдаланусыз жылдам дамытуға мүмкіндік береді. Бұл жоба мемлекеттік жүйелердің цифрлық қауіпсіздігін дамыту және нығайтудағы маңызды қадам болмақ..

 

 

 

  • 05.02.2025
  • 58
Елібаев М.Т.

«Қазақстанның Даму Банкі» АҚ Басқарма төрағасы

Елібаев М.Т.

«Қазақстанның Даму Банкі» АҚ Басқарма төрағасы

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика