• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қосымбаев Т.Е.
Қосымбаев Т.Е.

ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің төрағасы

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
«Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасын іске асыру бойынша жобалық кеңсенің жұмысы басталды

Вице-премьер Қанат Бозымбаев «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасын іске асыру жөніндегі жобалық кеңсенің алғашқы отырысын өткізді.

Ұлттық жоба инфрақұрылымның тозу деңгейін төмендетуге және коммуналдық қызметтерді үздіксіз ұсынуды қаматамасыз етуге бағытталған. Қазіргі таңда жылу, электр энергиясы, сумен жабдықтау және су бұру салаларында қызмет көрсететін 87 монополист кәсіпорындағы энергетикалық және коммуналдық инфрақұрылымның тозу деңгейі 65%-дан 100%-ға дейін жеткен. Осыған байланысты Жобалық кеңсеге инженерлік желілер тозуын 40%-ға дейін төмендету және электр энергиясын өндірудің жаңа көздерін (қосымша 7,3 ГВт) салу міндеті қойылды.

2029 жылға дейін коммуналдық желілерді жаңғыртуға инвестициялық қажеттілік 6,8 трлн теңгені, электр энергиясын өндіруге 6,2 трлн теңгені құрайды. Екінші деңгейлі банктерден, ұлттық қаржылық даму институттарынан және халықаралық қаржы ұйымдарынан қаражат тартылады. Табиғи монополия субъектілерін қаржыландыру тетігін құру, жеңілдетілген қаржыландыруға немесе субсидиялауға өтінімдерді қарастыру «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ-ға жүктелген. Жобалардың жүзеге асырылу барысы және құрылыс-монтаждау жұмыстарына бақылау жүргізу «ТКШ Қазорталық» АҚ-ның құзіретіне бекітілген.

Ұлттық жобада отандық өнеркәсіптің дамуына ерекше назар аударылып, жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды 100% жүктеумен қатар, 27 жаңа өндіріс орындарын ашу және жұмыс орындарын құру жоспарланған. Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне отандық тауар өндірушілер өндіретін тауарлар, жұмыстар және қызметтер тізімін әзірлеу, жосықсыз қатысушылар тізімін енгізе отырып, сатып алудың бірыңғай электрондық нысанын енгізу тапсырылды. 

Отырыста халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал санаттары үшін қолдау шаралары да талқыланды. Халықтың төлем қабілеті бар топтары коммуналдық қызметтерді әділ, нарықтық тарифтер бойынша төлеуі керек. Ал осал санаттағылар тұрғын үй автоматтандырылған жүйесі арқылы тарифтердің өсуінен қорғалады. Салалық министрліктерге халықтың әлеуметтік осал топтары үшін отбасының жиынтық табысының 5%-на дейінгі коммуналдық төлемдерге шығындардың шекті мөлшерін бекіту, сондай-ақ тұрғын үй ауданы мен коммуналдық қызметтерді тұтынудың қолданыстағы нормаларын біріздендіру мәселесін пысықтау тапсырылды.

«Энергетика және коммуналдық шаруашылық саласындағы проблемалар ең өзекті мәселелердің бірі және олар кешенді әрі жедел шешуді талап етеді. Ұлттық экономика министрлігіне мүдделі мемлекеттік органдармен және ұйымдармен бірлесе отырып, екі апта ішінде Ұлттық жобаны іске асырудың Жол картасын әзірлеп, оны Үкімет Аппаратына енгізуді тапсырамын», — деді Қанат Бозымбаев.

Вице-премьер Ұлттық жобаны сәтті жүзеге асыру үшін министрліктер, әкімдіктер мен жеке сектордың өзара ынтымақтастығы, сондай-ақ азаматтардың белсенді қатысуы қажет болатынын баса айтты.

«Осыған байланысты Ұлттық экономика, Энергетика, Өнеркәсіп және құрылыс министрліктеріне, Мәдениет және ақпарат министрлігімен, сондай-ақ мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдармен бірлесе отырып, қаңтардың үшінші онкүндігінде журналистерге арналған брифинг өткізіп, халық, бизнес қауымдастық және табиғи монополия субъектілері арасында ауқымды түсіндіру жұмыстарын жүргізуді тапсырамын», — деді Қанат Бозымбаев.

Дереккөз: https://primeminister.kz/news/energetikalyk-zhane-kommunaldyk-sektorlardy-zhangyrtu-ulttyk-zhobasyn-iske-asyru-boyynsha-zhobalyk-kensenin-zhumysy-bastaldy-29580 

  • 10.02.2025
  • 59
Қосымбаев Т.Е.

ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің төрағасы

Қосымбаев Т.Е.
(Мұрағат)

ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің төрағасы

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика