- Блогтар
- Нағаспаев Е. Қ.
Нағаспаев Е. Қ.
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі
Қанат Шарлапаев Еуропа Қайта құру және даму банкі өкілдерімен кездесті
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев Еуропа қайта құру және даму банкі (ЕҚҚДБ) өкілі Хусейн Озханмен кездесті.
Еуропа қайта құру және даму банкі (ЕҚҚДБ) – 1991 жылы 40 ел мен екі халықаралық ұйым негізінде құрылған нарықтық экономикаға қолдау көрсету үшін арналған инвестициялық механизм. ЕҚҚДБ үкіметтермен, мемлекеттік органдармен, халықаралық қаржы ұйымдарымен және қоғам өкілдерімен тұрақты диалог жүргізеді және банк акционерлері ұсынған қаражаттарды пайдалану бойынша техникалық көмек көрсетеді.
Кездесу барысында Ақтөбе, Қарағанды және Тараз қалаларындағы кәріз тазарту қондырғыларын жаңғырту жобаларының жүзеге асырылуы және Қазақстан Үкіметі қабылдаған «Энергетика және коммуналдық секторды жаңғырту» ұлттық жобасы аясындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды.
Жиынға ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің кеңесшісі Владислав Галиев, Коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Алишер Беспаев, ЕҚҚДБ-ның Еуразия аймағындағы инфрақұрылым жөніндегі директоры Екатерина Мирошник және Қазақстандағы ЕҚҚДБ басшысының орынбасары Аскар Намазбаев қатысты.
Кездесудің қорытындысы бойынша ЕҚҚДБ өкілдері жоспарланған жобаларды жүзеге асырудың әзірленген жоспары туралы хабарлады. «Энергетика және коммуналдық секторды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында ынтымақтастықтың негізгі бағыттары келісіліп, өзара іс-қимыл механизмдері нақтыланды. ЕҚҚДБ өкілдері еліміздің энергетика және коммуналдық секторларын жаңғырту жобаларын қолдауға және тығыз ынтымақтастықты жалғастыруға дайын екендіктерін білдірді.
- 13.02.2025
- 52