• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Елібаев М.Т.
Елібаев М.Т.

«Қазақстанның Даму Банкі» АҚ Басқарма төрағасы

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Қазақстанда энергетикалық және коммуналдық секторларды дамыту қалай жоспарлануда

«Байтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ және «Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы» АҚ еншілес ұйымдарымен бірлесіп, «Энергетика және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасын (бұдан әрі – ЭКСЖ) талқылауға арналған семинар өткізді. Іс-шараға ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі, ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитеті, «ТКШ Қазорталық» АҚ, сондай-ақ табиғи монополия субъектілерінің (ТМС) өкілдері қатысты.

Семинар барысында Ұлттық жобаны қаржыландыру тетіктерінің негізгі мәселелері қарастырылды. Талқыланған тақырыптар қатарында: жеке ТМС-ті тікелей кредиттеу арқылы қаржыландыру тетіктері, мемлекеттік ТМС-ті қолдау мақсатында жергілікті атқарушы органдар (ЖАО) тарапынан мемлекеттік бағалы қағаздарды шығару, Ұлттық жоба аясында тарифтерді бекіту тәртібі, сондай-ақ ТМС жобаларына техникалық сараптама жүргізу рәсімдері.

Аталған жоба аясында екінші деңгейлі банктермен және халықаралық қаржы институттарымен бірлесіп, синдикатталған қаржыландыру арқылы қаржыландыру тетіктері де көзделген.

2025-2029 жылдарға арналған Ұлттық жоба коммуналдық инфрақұрылымның жағдайын жақсартуға бағытталған. Оның негізгі мақсаты – апаттар санын 20%-ға төмендету және ел бойынша жабдықтар мен желілердің тозуын 40%-ға дейін азайту. Жобаны іске асыруға қажетті қаражат көлемі – 13 588 млрд теңге. Қаражат энергетика секторын дамытуға, коммуналдық инфрақұрылымды жаңартуға, автоматтандыруға және құралдарды орнатуға бөлінген.

ЭКСЖ-ны жүзеге асыру үшін қаржылық және техникалық операторлар анықталған. Жобаның қаржылық операторы – «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ және оның еншілес ұйымдары, ал техникалық оператор – «ТКШ Қазорталық» АҚ.

ҚДБ-дан қаржыландыру алу процесінің бірнеше кезеңін атап өтейік:

1. Жобаны бастау. Кәсіпорын инвестициялық бағдарламаны әзірлейді, онда жобаның параметрлері, қажетті инвестиция көлемі және іске асыру мерзімдері айқындалады.

2. Техникалық оператормен келісу. Жобаның сараптамалық бағалауы, оның мақсаттылығы мен басымдылығын анықтау. Активтердің тозу деңгейін және іске асырудан күтілетін экономикалық әсерді талдау.

3. Тарифтік реттеушінің мақұлдауы. Жаңғырту шығындарын тарифтік саясатқа енгізу мүмкіндігін бағалау.

4. Қаржыландыру алу. Құжаттар пакетін Қазақстанның Даму Банкіне тапсыру, Банктің екі кезеңнен тұратын жобалық сараптамасын жүргізу, қарыз шартын жасасу, қаржыландыруды ашу.

5. Жобаны іске асыру. Уәкілетті органдар мен кредитор тарапынан орындалған жұмыстарды бақылау, сондай-ақ техникалық және қаржылық мониторинг жүргізу.
ҚДБ арқылы тікелей қаржыландыру – бұл жай ғана қаржы құралы емес, бүкіл елдегі коммуналдық инфрақұрылымды жаңғыртуға бағытталған стратегиялық қадам. Табиғи монополия субъектілерін жұмысқа белсенді қатысуға, жаңғырту жобаларын бастамашылық етуге және қаржылық оператор мен оның еншілес ұйымдарының құралдарын пайдалануға шақырамын.

Семинар барысында қатысушылар белсенді түрде сұрақ қойып, қолдау тетіктері бойынша түсіндірмелер алды. Семинар Ұлттық жобаны іске асырудың егжей-тегжейін талқылауға және жаңа қаржылық қолдау құралдарын енгізуге бағытталған іс-шаралар сериясының алғашқысы болды.

Қосымша ақпарат алу үшін келесі мекенжайларға хабарласуыңызды сұраймыз:

1) Жеке ТМС үшін:

«Қазақстанның Даму Банкі» АҚ байланыстары:

Басқарушы директор Зәуреш Шалабаева, 79-26-28, ZShalabayeva@kdb.kz

Аға банкир Балжан Есенбаева, 79-84-55, Balzhan@kdb.kz

2) Мемлекеттік ТМС үшін:

«Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы» АҚ байланыстары:

Басқарма төрағасының орынбасары Олжас Салықов, 79-23-02, Osalykov@khc.kz

Арман Үмбетов, 79-23-13, AUmbetov@khc.kz

3) «Байтерек» ҰБХ» АҚ байланыстары:

Департамент директоры Рауан Сқақов, 90-78-02, r.skakov@baiterek.gov.kz

Жоба жетекшісі Динара Алтаева, 91-92-12, d.altayeva@baiterek.gov.kz

Бас менеджер Нұрбала Шөкеева, 91-92-19, n.shukeyeva@baiterek.gov.kz

  • 19.02.2025
  • 52
Елібаев М.Т.

«Қазақстанның Даму Банкі» АҚ Басқарма төрағасы

Елібаев М.Т.

«Қазақстанның Даму Банкі» АҚ Басқарма төрағасы

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика