• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Нұрдәулет Қилыбай Каспий итбалығын сақтау бойынша нақты іс-шаралар жоспарын қабылдауды тапсырды

Бүгін, 24 ақпан күні Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбайдың төрағалығымен өткен жиында Каспий итбалығының популяциясын сақтау мәселесі қаралды. Басқосуға экология белсенділері, тәуелсіз сарапшылар мен табиғат жанашырлары қатысты.

Жиында Ақтау қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің мұғалімі, «Эколидер» волонтерлік клубының жетекшісі Бақытгүл Жақсылықова Каспий итбалығы мен оны қорғаудың маңыздылығы туралы баяндады. Сарапшының пікірінше, итбалықтардың қырылуы теңіздің ластануы, браконьерлік және өндірістік жұмыстардың салдарынан болып отыр.

- Теңіздің ластануы итбалықтың физикалық жағдайына әсер етіп, оны Каспийдің экологиялық жағдайының тірі индикаторына айналдыруда. Каспий итбалығы Каспий теңізінің эндемигі болғандықтан, яғни ол әлем бойынша басқа еш жерде кездеспейтіндіктен, оны сақтау маңыздылығы аса өзекті, - деді Бақытгүл Жақсылықова.

Жиын барысында табиғат жанашырлары итбалықтарды сақтау бойынша бірқатар ұсыныстар айтты.
Атап айтқанда, тірі итбалықтарды жүйелі зерттеу, осы саладағы тапшы мамандықтарға грант бөлу, теңіз мониторингіне жергілікті сарапшыларды тарту, браконьерлікпен күрес шараларын күшейту, экологиялық заңнаманы жетілдіру және Каспий маңы елдерімен бірлескен зерттеулер жүргізу қажет екені айтылды.

Облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбай аталған ұсыныстарды саралап, жауапты азаматтарға нақты шаралар қабылдау қажеттігін тапсырды.

- Каспий итбалығы – тек теңіз экожүйесінің ғана емес, жалпы өңірдің экологиялық ахуалының айнасы. Итбалықтарды қорғау жұмыстары жүйелі болуы үшін және өлекселер табылған жағдайда оларды жою үшін нақты алгоритм әзірлеу қажет. Сондай-ақ, процестерді тиімді бақылау үшін цифрландыру шараларын енгізу маңызды. Осы салаға қажетті мамандарды даярлау үшін жергілікті оқу орындары мен теңіз саласына маманданған ЖОО арасында келісім жүргізіп, грант бөлу мәселесін қарастырыңыздар. Ал оған дейін шұғыл түрде дайын мамандарды облысқа тартуға жұмыстану керек. Итбалықтарды сақтауға бағытталған нақты іс-шаралар күн тәртібінен түспеуі тиіс, – деді Нұрдәулет Қилыбай.

Сонымен қатар, жиынға Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары Дильшат Ришат, Арслан Рафаил, Айгерім Жарылғасын қатысты.

Олар Каспий итбалықтарын сақтау бойынша арнайы жобалар, зерттеулер жүргізіп, орнитолог мамандармен бірлесіп халықаралық конференция ұйымдастырды. Осылайша, оқушылар туған жердің табиғатын аялап, қоршаған ортаны қорғауға өз үлестерін қосып жүр.

Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі

  • 24.02.2025
  • 49
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

Қилыбай Н.И.
(Мұрағат)

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика