- Блогтар
- Г.Б. Сұлтанова
Г.Б. Сұлтанова
ҚР МАМ Азаматтық қоғам істері комитетінің төрағасы
ҮЕҰ қаржыландыру тетіктерін жетілдіру жөніндегі жұмыс тобының бірінші отырысы өтті.
ҮЕҰ қаржыландыру тетіктерін жетілдіру жөніндегі жұмыс тобының бірінші отырысы өтті.
Бүгін Азаматтық қоғам істері комитетінің төрағасы Гүлбара Бекетқызы Сұлтанованың төрағалығымен ҮЕҰ қаржыландыру тетіктерін жетілдіру жөніндегі жұмыс тобының бірінші отырысы өтті.
Отырыстың тақырыбы ҮЕҰ арналған үсыйлықақы беру рәсімдерін жетілдіру мәселелеріне арналды.
Жұмыс тобының құрамына 20-ға жуық ҮЕҰ кірді, олар сыйлықақы беру қағидаларының нормаларын өзгертуге қатысты өздерінің сараптамалық пікірлерін білдірді.
Атап айтқанда, ұсыныстар ҮЕҰ өтінімдерін бағалау критерийлерін жетілдіру, өтінімдерді растайтын құжаттармен толықтыру, сондай-ақ конкурстық комиссияның өтінімдерді қарау мерзімдерін өзгерту саласында болды.
Өз кезегінде комитет өкілдері сарапшылардың ұсыныстарын жұмысқа қабылдады. Жаңа өзгерістер мен түзетулер жұмыс тобының келесі отырысында қаралатын болады.
- 25.02.2025
- 15