• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Саткалиев А.М.
Саткалиев А.М.

ҚР Энергетика министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Мұнай-газ саласында барлау және өндіру бағыты бойынша біліктілік пен стандарттарды өзектендіру жөніндегі жұмыс тобының отырысы

2025 жылғы 26 ақпанда «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ (бұдан әрі – ҚМГ) алаңында мұнай-газ саласындағы салалық біліктілік шеңберлерін (СБШ) және кәсіби стандарттарды (КС) өзектендіру бойынша ұсыныстар әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының отырысы өтті. Отырыс Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігіне қарасты мұнай-газ, мұнай өңдеу және мұнай-газ химиясы салалары бойынша кәсіби біліктілік жөніндегі салалық кеңес аясында «Мұнай және газ барлау мен өндіру» бағыты бойынша ұйымдастырылды.

Жұмыс тобының отырысына ҚР Энергетика министрлігінің, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің, «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ Ұлттық кәсіби біліктілік органының өкілдері, сондай-ақ ҚМГ-нің еншілес және тәуелді ұйымдарының және «Теңізшевройл» ЖШС, «Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В.», «Норт Каспиан Оперейтинг Компани Н.В.» және басқа да ірі мұнай-газ компанияларының өкілдері қатысты.
Отырыс ҚР Энергетика вице-министрі Әлібек Жамауовтың кіріспе сөзімен ашылды. Ол талқыланатын мәселелердің маңыздылығын ерекше атап өтті.

Вице-министрдің айтуынша, Қазақстандағы мұнай-газ саласына арналған салалық біліктілік шеңберлері мен кәсіби стандарттар еңбек сапасын, қауіпсіздікті, білім беру деңгейін арттыруға және қызметкерлер мен тұтынушылардың мүдделерін қорғауға бағытталған маңызды құрал болып табылады.

Салалық кеңестің төрайымы, «Kazenergy» қауымдастығының Атқарушы директоры Ляззат Жексенбайқызы Ахмурзина 2024 жылы атқарылған жұмыстардың қорытындылары мен 2025 жылға арналған жоспарларды таныстырды. Оның ішінде 15 кәсіби стандартты өзектендіру, 9 кәсіби стандарт пен СБШ шеңберінде 20 кәсіптік карта әзірлеу жұмыстары қарастырылған. Сонымен қатар, СБШ-ның жалпы ережелеріне «Жұмыс түрлерінің мысалдары» бөлімін енгізу және кейіннен бұл өзгерістерді кәсіби стандарттарға енгізу мәселелері талқыланды.
Энергетика вице-министрі Алибек Жамауов кәсіби стандарттардың кадрлық әлеуетті дамытудағы маңыздылығын атап өтті. Ол Еңбек кодексінің нормаларына сәйкес, жұмыстың күрделілігі мен жауапкершілігі, сондай-ақ қызметкерлер мен жұмысшылардың біліктілігі ең алдымен кәсіби стандарттар негізінде белгіленетінін айтты.
Кездесудің негізгі мақсаты – енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бойынша бірыңғай ұстаным қалыптастыру, 2025 жылға жоспарланған кәсіби стандарттарды өзектендіру және бекіту.
Бұл бағыттағы жұмыс жалғасын табады.

  • 26.02.2025
  • 34
Саткалиев А.М.

ҚР Энергетика министрі

Саткалиев А.М.
(Мұрағат)

ҚР Энергетика министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика