• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Нағаспаев Е. Қ.
Нағаспаев Е. Қ.

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Қанат Шарлапаевтың төрағалығымен геология және жер қойнауын пайдалану мәселелері бойынша дөңгелек үстел өтті

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаевтың төрағалығымен Maqsut Narikbayev University алаңында жер қойнауын пайдаланушы компаниялар өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел ұйымдастырылып, оның барысында геология және жер қойнауын пайдалану саласының негізгі аспектілері талқыланды. 

Қанат Шарлапаев өз сөзінде геологиялық салада министрліктің міндеті – ел өнеркәсібінің барлық салаларын белсенді дамыту үшін минералдық-шикізат базасын толықтыру мақсатында Қазақстан аумағын зерттеуді арттыру екенін айтты.

Министр өткен жылдың қорытындысымен және ағымдағы жылдың жоспарымен бөлісті. Геологиялық барлау жұмыстарын жандандыру және жаңа кен орындарын ашу мақсатында 2014-2018 жылдар аралығында заңнамалық реформа жүргізіліп, Австралия мен Канада мысалында геологиялық барлау учаскелеріне қол жеткізудің қолдану қағидаты бекітілген «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Кодекс қабылданды.

Президенттің тапсырмасы бойынша жер қойнауын пайдаланудың бірыңғай платформасы (minerals.e-qazyna.kz) іске қосылды. 

Іс-шара барысында вице-министр Жәннат Дүбірова жер қойнауын пайдалану саласын цифрландыру жобалары туралы айтты. Атап айтқанда, іске қосылған Жер қойнауын пайдаланудың бірыңғай платформасы туралы.

Жер қойнауын пайдаланудың бірыңғай платформасы барлық геологиялық ақпаратқа ашық қол жеткізуге мүмкіндік береді.  Платформада 22 мемлекеттік қызмет цифрландырылды.  Іске қосылғаннан бері 506 өтінім өңделді.

Одан кейін дөңгелек үстел сұрақ-жауап форматында өтті.  Дөңгелек үстелге «Республикалық тау-кен және тау-кен металлургиялық кәсіпорындар қауымдастығы» ЗТБ, «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС, «Qaragandy Power Silicon» ЖШС, «Бағалы металдар өндірушілер қауымдастығы» ЗТБ, «Қазақстан тау-кен палатасы» ЗТБ, «Ер-Тай» ЖШС, «Евразийская Группа» ЖШС, «Ұлттық геологиялық қызмет», «Qarmet» АҚ, «АК «Алтыналмас» АҚ, «Ассоциация KAZRC», «Caravan Resources LTD» ЖШС, «TENIR LOGISTIC» ЖШС, «Chu lli Resourses Ltd» ЖК, Қазақстанның Сауда-өнеркәсіп палатасы, «НАК «Казатомпром» АҚ, «ERG», «Solidcore Eurasia» ЖШС, «Тау-Кен Казахстан» ТКМК, «Kazzinc Holdings» ЖШС өкілдері, сарапшылары мен басшылары қатысты.

Қатысушылар бастапқы геологиялық есептерді цифрландыру және олардың жер қойнауын пайдаланушылар үшін қолжетімділігі мәселелерін, сондай-ақ платформаны кәсіпорындардың жұмысына біріктіру қажеттілігін талқылады.

  • 27.02.2025
  • 38
Нағаспаев Е. Қ.

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі

Нағаспаев Е. Қ.
(Мұрағат)

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика