• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Маңғыстауда тұңғыш рет спорттық және жауынгерлік самбодан ел чемпионаты өтуде

Бүгін, 25 ақпан күні, Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай аймақ тарихында алғаш рет ұйымдастырылып отырған ересектер арасындағы спорттық және жауынгерлік самбодан Қазақстан чемпионатының салтанатты ашылуына қатысты.

Байрақты бәсекеге еліміздің 17 облысы мен 3 қаласынан 600-ге жуық спортшы жиналды. Маңғыстау өңірінен 50 балуан облыс намысын қорғап, жеңіс тұғырынан көрінуге ниетті.

Облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбай спортшыларға сәттілік тілей отырып, самбоның жай ғана спорт емес, оның аясы кең, маңызды құндылық екенін атап өтті.

- Самбо – тек спорт емес, ол патриотизм мен елге деген сүйіспеншілікті, тәртіп пен мәдениетті қалыптастыратын үлкен мектеп. Сондықтан самбоның аясын жай ғана спортпен шектеуге болмайды. Бүгінде өңірімізде бұл спорт қарқынды дамып келеді. 1000-ға жуық маңғыстаулық жас самбо күресімен шұғылданады. Спортшыларымыз тек ел ішінде ғана емес, әлемдік ареналарда да үздік нәтиже көрсетіп жүр. Аймақта 5 әлем чемпионы шыққанын мақтанышпен айта аламыз. Жарыс болған соң, жеңіс те, жеңіліс те бар. Бұл чемпионатта спортшылардың қоржыны жүлделерге толады деп сенемін. Жалпы қазақ жастары, қаракөз қыздарымыз әлемдік додаларда топ жарып, ел байрағын биікке көтере берсін! Баршаңызға сәттілік, – деді Нұрдәулет Қилыбай.

Чемпионат қорытындысы бойынша 1, 2, 3-орын иегерлері «ҚР спорт шебері» атағына ие болады. Сонымен қатар, жеңімпаздар алдағы әлемдік жарыстарда ел намысын қорғайды.

Ақтаудағы дүбірлі дода 25-27 ақпан аралығында 33 шағынаудандағы «Маңғыстау Арена» спорт кешенінде өтеді.

Айта кетейік, Азия чемпионаты 2025 жылдың сәуір айында Ташкентте, ал Әлем чемпионаты қарашада Ашхабад қаласында өтеді.

Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі

  • 03.03.2025
  • 25
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

Қилыбай Н.И.
(Мұрағат)

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика