• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Маңғыстау облыстық мәслихатының сессиясында Ақтау қаласының Бас жоспары қаралды

Бүгін, 28 ақпанда Ақтауда VIII сайланған облыстық мәслихаттың кезекті он тоғызыншы сессия өтті. Күн тәртібінде Ақтау қаласының бас жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу, Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі шаралар жоспарының 2024 жылға орындалуы, Маңғыстау облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарын көгалдандыру, абаттандыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар мен өңірді дамытуға және экономиканың түрлі салаларын қаржыландыруға қатысты бірнеше мәселелер қаралды.

Сессия отырысында Маңғыстау облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Айдос Хамиев Ақтау қаласының бас жоспарына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар туралы баяндама жасады. Бас жоспарға сәйкес, қала солтүстік бағытта, теңіз жағалауы бойымен Ақшұқыр ауылына дейін кеңейеді. Өнеркәсіптік аймақ оңтүстікте сақталады және шығысқа қарай ұлғаяды. Сонымен қатар, жаңа теміржол станциясы мен жолаушылар терминалы салынып, Форт-Шевченкоға дейін теміржол желісінің құрылысы жүргізіледі.
Сондай-ақ, облыс орталығы теңіз демалысын ұйымдастыруға бағытталып, Қазақстанның ірі туристік орталығына айналдыру жоспарланып отыр. Бас жоспарға сәйкес, Каспий теңізінің жағалауы бойында рекреациялық аймақтар, Самал ықшам ауданында демалыс аймақтары, жағажайлар, аквапарктер, су ойын-сауық аттракциондары, яхталар мен су көліктері, круиздік кемелер үшін айлақ салу жоспарланған. Қалада сауда-ойын-сауық кешендерін қоса алғанда, туристерге жан-жақты қызмет көрсету мүмкіндіктері қарастырылған.

Сессияда сондай-ақ облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Светлана Нарешова 2025 жылға арналған бюджетті нақтылау туралы ақпарат берді.
Биылғы бюджетте әлеуметтік сала шығыстарына басымдылық берілген. Олар мектепке дейінгі тәрбие және оқытуға күтіп ұстау шығындарына, білім беру ұйымдарын күрделі және ағымдағы жөндеуге, материалдық-техникалық базасын нығайтуға, мектептердегі білім деңгейін көтеруге, денсаулық сақтау ұйымдарын материалдық-техникалық жарақтандыруға, мәдениет және спорт саласының ғимараттарын ағымдағы жөндеуге бағытталған.
Аймақ басшысы бюжеттің басым бөлігін білім беру, денсаулық сақтау мен спорт саласына беру арқылы болашақта білімді ұрпақ пен дені сау ұлт қалыптастыруға болатынын айтты.

- Облыста дәрігер тапшылығы бар. Бізде тәжірибелі, білікті дәрігерлер жетіспейді. Бұл мәселені шешу үшін біздің өңірге келетін мамандардың үстемақысын көбейтіп, ынталандыруымыз керек.
Сондай-ақ, аймақтағы мал ауылдарды жаңғыртуды жоспарлап отырмыз. «Каспий» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы арқылы қаржы бөліп, мал өсіремін деген шаруаларға құдығын қазып, мал азығын өсіруге қажетті жерін беріп, мүмкіндік жасау керек. Төрт түліктің жүні мен терісін өңдейтін шағын цехтар ашуға қолдау көрсетсек, бұл жобалардың ауыл халқының тұрмыс-тіршілігін арттыруға көп пайдасы болады. Жалпы биылғы бюджетті әлеуметтік сала мен ауыл тұрмысын жақсартуға, сонымен қатар коммуналдық шаруашылық саласын жетілдіруге бағыттадық,-деді Нұрдәулет Қилыбай.

Маңғыстау облысы әкмінің баспасөз қызметі

  • 03.03.2025
  • 27
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

Қилыбай Н.И.
(Мұрағат)

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика