• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Маңғыстауда Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдық мерейтойы аталып өтті

Бүгін, 1 наурыз күні Ақтауда облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбайдың қатысуымен еліміздегі бірлік пен өзара сыйластықты дәріптейтін ерекше мереке – Алғыс айту күніне орай Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған мерекелік жиын өтті.

Салтанатты іс-шарада Маңғыстау өңіріндегі бауырлас халықтар достығының ескерткіш тақтасы ашылды.

Жиында сөз сөйлеген облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбай Мемлекет басшысының мерейтойға арнаған құттықтау хатын оқып берді. Өңір басшысы бұл мерейтой – еліміздегі барша халықтың бірлігі мен келісімінің жемісі екенін атап өтті.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ассамблеяның 30 жылдығын атап өтіп, оның еліміздегі бірлік пен келісімнің негізін қалаудағы ерекше маңызына мән берді. Президентіміз Ассамблеяның құрылғанынан бері Қазақстан халқы арасындағы өзара түсіністік нығайып, ортақ мақсаттар мен құндылықтарды бөлісуде бірлікте болғанын айтты. Ассамблеяның 30 жылдық мерейтойы бізге өткенімізді саралап, жетістіктерімізді бағалауға мүмкіндік береді. Бұл мерейтой – барша халықтың бірлігі мен келісімінің жемісі, елдің барлық азаматтарының ортақ табысы», - деді Нұрдаулет Қилыбай.

Салтанатты шарада өңірдің дамуына үлес қосып жүрген жұмысшы мамандар марапатталды.

Мерейтойлық мереке концертке ұласып, түрлі этнос өкілдері әннен шашу шашып, өнер көрсетті.

Олар ана тілімізде өздерінің Қазақстанға деген сүйіспеншілігін білдіріп, алғыстарын жаудырды.

«Қазақстан — біздің ортақ үйіміз. Біз осы елде өзара бірлікте, ынтымақта өмір сүріп жатырмыз. Бүгінгі күні Қазақстандағы өзге ұлт өкілдері еліміздің дамуына, облыстың дамуына өз үлесін қосып келеді. Әсіресе, арамыздағы талантты, іскер, өнерлі адамдардың бұл тұрғыда алар орны ерекше. Сондықтан,  Қазақстан халқы Ассамблеясын құруға атсалысқан ардагерлерге мың алғыс!», - деді Ассамблея мүшелері.

Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі

  • 03.03.2025
  • 30
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

Қилыбай Н.И.
(Мұрағат)

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика