• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Маңғыстаулық делегация Стамбұлда Түркияның ең ірі туристік және әуе компанияларының басшыларымен кездесті

27 ақпан күні Маңғыстау облысы әкімінің тапсырмасы бойынша Стамбұл қаласында облыс әкімінің бірінші орынбасары Ербол Ізбергенов пен облыс әкімінің орынбасары Аббат Өрісбаев бастаған делегация Түркияның ең ірі туристік ұйымы – TURSAB (Түркия Туристік Агенттіктер Қауымдастығы) басшылығымен кездесті.

TURSAB – Түркиядағы 15 мыңнан астам туристік агенттікті біріктіретін қауымдастық. Ол елдегі туризм индустриясының дамуына ықпал етіп, халықаралық туристік компаниялармен тығыз байланыс орнатқан.

Кездесу барысында тараптар Маңғыстаудың туристік әлеуетін арттыру, шетелдік туристерді тарту және екіжақты ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады. TURSAB президенті Фируз Баглыкая Маңғыстаудың табиғи ландшафты мен тарихи орындарының ерекшелігін атап, түрік туристік компанияларының бұл бағытта белсенді жұмыс істеуге дайын екенін жеткізді.

Сондай-ақ, сапар барысында Маңғыстау делегациясы Түркияның жетекші туроператорлары – «Pronto Tour», «Kartaca Tour» және «Luda Travel» компанияларының өкілдерімен кездесті.

«Pronto Tour» компаниясы Түркиядағы ең ірі туроператорлардың бірі болып саналады. Ол 100-ден астам елге саяхат ұйымдастырып, жыл сайын шамамен 100 мың адамға қызмет көрсетеді. Туроператор халықаралық бағыттар бойынша үлкен тәжірибеге ие.

Түркияның тағы бір ірі туроператоры «Kartaca Tour» бас директоры Фатих Гюнаймен өткен кездесуде Маңғыстауда тарихи-мәдени туризмді дамыту мүмкіндіктері сөз болды. «Kartaca Tour» – әлемнің бірнеше елінде кеңселері бар беделді туристік компания. Ол VIP-туризм, эксклюзивті турлар, мәдени-тарихи сапарлар мен бизнес-турлар ұйымдастырумен айналысады. Фатих Гюнай компанияның Қазақстанмен әріптестік орнатуға мүдделі екенін және Маңғыстау бағытында арнайы туристік пакеттерді әзірлеуге дайын екендігін жеткізді.

Сонымен қатар, делегация Түркиядағы серпінді дамып келе жатқан туроператор «Luda Travel» компаниясының өкілдерімен де кездесті. Бұл компания Түркия мен шетелдік туристер үшін танымал бағыттарды дамытып, қолжетімді және сапалы туристік қызмет ұсынумен ерекшеленеді.

Кездесулер барысында Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары Ербол Ізбергенов өңірде туризм саласының қарқынды дамып келе жатқанын тілге тиек етіп, тәжірибелі туроператорлармен әріптестік орнатудың маңыздылығын атап өтті.

- Маңғыстау – ерекше табиғи ландшафты мен бай тарихи мұрасы бар өлке. Біздің мақсатымыз – өңірімізді халықаралық деңгейде таныту және әлем туристеріне Маңғыстаудың әлеуетін көрсету. Бұл бағытта тәжірибелі туристік компаниялармен бірлесіп жұмыс істеу – маңызды қадам. Бозжыра, Айрақты сияқты көрікті жерлерімізге сапалы қызмет ұсыну арқылы өңір туризмін жаңа деңгейге көтереміз, – деді Ербол Ізбергенов.

Тараптар екіжақты әріптестікті нығайту мақсатында түсіністік меморандумына қол қойды.

Бұған қоса өңір делегациясы «Turkish Airlines» әуе компаниясының басшылығымен келіссөздер жүргізді. «Turkish Airlines» – әлемдегі ең ірі әуе тасымалдаушыларының бірі, қазіргі уақытта 120-дан астам елге рейстерді орындайды. Компания Қазақстанмен бірнеше бағыт бойынша тұрақты әуе қатынасын қамтамасыз етіп келеді. Тараптар Маңғыстаудың туристік әлеуетін дамыту мақсатында жаңа әуе бағыттарын ашу, Ақтау халықаралық әуежайының мүмкіндіктерін кеңейту және туристер үшін ыңғайлы логистиканы қалыптастыру мәселелерін талқылады.

Облыс әкімінің орынбасары Аббат Өрісбаев туристік және әуе компания басшыларын биыл Ақтауда өтетін «Ақтау – Түркі әлемінің астанасы» халықаралық шарасына арнайы шақырды.

Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі

  • 03.03.2025
  • 40
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

Қилыбай Н.И.
(Мұрағат)

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика