• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Нұрдәулет Қилыбай Өзбекстан Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісімен кездесті

Бүгін, 3 наурыз күні, Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай Өзбекстан Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Бахтиёр Ибрагимовты қабылдады. Тараптар екі ел арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық салалардағы ынтымақтастықты кеңейту мәселелерін талқылады.

Кездесуде Нұрдәулет Қилыбай Өзбекстан мен Маңғыстау арасындағы сауда-экономикалық әріптестіктің маңыздылығына тоқталып, болашақта ірі жобаларды жүзеге асыруға ниетті екенін атап өтті.

- Өзбекстан - бізге көршілес ел. Бүгінде Маңғыстау облысында өзбек капиталының қатысуымен кәсіпорындар түрлі салада жұмыс істеп жатыр. Біз Өзбекстанмен іскерлік байланысты тереңдетуге мүдделіміз. Алда жүзеге асырылуы тиіс үлкен жобалар бар. Өңіріміздің екі теңіз порты мен шекаралық аймақта орналасуы – үлкен мүмкіндіктер береді. Сондықтан біз өзара тиімді әрі нәтижелі серіктестікке дайынбыз, – деді Нұрдәулет Қилыбай.

Өз кезегінде, Елші Бахтиёр Ибрагимов алдағы жоспарларымен бөлісіп, ортақ жобаларды жүзеге асыруға және әріптестікті одан әрі нығайтуға дайын екенін жеткізді.

Айта кетейік, Өзбекстан Республикасы – Маңғыстау облысының сыртқы саудадағы негізгі серіктестерінің бірі. 2024 жылдың қорытындысы бойынша екіжақты тауар айналымы 8,8 млн АҚШ долларын құрады. Оның ішінде экспорт көлемі – 4,8 млн доллар, ал импорт – 4 млн доллар.

Қазақстаннан Өзбекстанға негізінен газ конденсаты, өрт сөндіргіштер, химия өнеркәсібінің өнімдері, металл бұйымдары және талдау құрылғылары экспортталса, Өзбекстаннан көкөністер мен жемістер, құрғақ жемістер, жаңғақтар, тоқыма бұйымдары, аяқ киім, құрылыс материалдары, тұрмыстық техника және көлік құралдары импортталады.

Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі

  • 03.03.2025
  • 52
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

Қилыбай Н.И.
(Мұрағат)

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика