• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Шойкин Ғ.Н.
Шойкин Ғ.Н.

ҚР МАМ Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
«Қазақстандағы бірлік пен ынтымақтастық саясаты: тәжірибесі мен болашағы» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы

2025 жылғы 24 қаңтарда Астана қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде «Қазақстандағы бірлік пен ынтымақтастық саясаты: тәжірибесі мен болашағы» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Іс-шараның ұйымдастырушылары: Қазақстан халқы Ассамблеясы, ҚР Ғылым және Жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің Мемлекет тарихы институты, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің «Қоғамдық келісім» РММ, Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі. Конференцияның мақсаты — Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдық тәжірибесін талқылап, этносаралық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайту жолдарын, сондай-ақ қазіргі заманғы сын-қатерлер мен перспективаларды айқындап, бірлік пен ынтымақтастық саясатын дамыту жөніндегі ұсынымдар әзірлеу. Іс-шараға ҚР Президенті Әкімшілігі Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығы меңгерушісінің орынбасары А.Щегорцова, ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі Д.Ахмед-Заки, ҚР Парламенті Сенатының депутаты Н.Ниязова, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Б.Керімбек, ҚР МАМ Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы Ғ.Шойкин, ҚР ҒБМ Мемлекет тарихы институтының директоры Н.Пұсырманов, «Қоғамдық келісім» РММ директоры Э.Масагутова, «Қолданбалы этносаяси зерттеулер институтының» директоры Т.Қалиев, сондай-ақ Ұлттық Құрылтайдың, ҚХА Ғылыми-сарапшылық кеңесінің мүшелері, қазақстандық және шетелдік (Т.Дронзина (Болгария), А.Вежбицки (Польша), Р.Усманов (Ресей), К.Сабиров (Өзбекстан) ғалым–сарапшылар, ҚХА қоғамдық құрылымдарының өкілдері қатысты.

онференция барысында Ассамблеяның 30 жылдығы бірлік пен келісім саясатын дамытудағы маңызды кезең екендігі атап өтілді. Сондай-ақ онда ғылыми-тәжірибелік ұсыныстарды одан әрі ілгерілету және этносаралық қатынастарды нығайту саласындағы озық тәсілдерді енгізу бойынша күш-жігерді күшейту мемлекеттік деңгейде шешімдер қабылдау үшін практикалық ұсыныстар әзірлеуге мүмкіндік беретіні баса айтылды. Конференцияға қатысушылар этносаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясатты ілгерілету және ағартушылық қызметті жандандыру бойынша ақпараттық-түсіндірме жұмысты күшейту қажеттігін атап өтті. Конференция қорытындысы бойынша қарар қабылданып, онда қатысушылар алдағы жұмыстың бірқатар негізгі бағыттарын белгіледі. Сондай-ақ мемлекеттік этносаясатты ғылыми және қоғамдық қолдауды қамтамасыз ету үшін мемлекеттік органдармен және ғылыми-сарапшылық қоғамдастықпен қоғамның өзара іс-қимылын кеңейту курсы белгіленді. Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдық мерейлі жылында этносаралық қатынас құралы ретіндегі мемлекеттік тілдің рөлін арттыру, этномедиация тәжірибесін кеңінен енгізу және басқа елдермен тәжірибе алмасу үшін этносаясат саласы бойынша халықаралық ынтымақтастықты жалғастыру сияқты маңызды тезистер айтылды. Конференция барысында Ассамблеяның 30 жылдық тарихына арналған көшпелі архивтік құжаттардың, кітаптардың, этностық газеттер мен журналдардың көрмесі ұйымдастырылды. Іс-шара Қазақстанның этносаралық келісім мен жалпыұлттық бірлік саласындағы бірегей тәжірибесін талқылауға өз үлесін қосты.

 

 

 

 

  • 04.03.2025
  • 41
Шойкин Ғ.Н.

ҚР МАМ Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы

Шойкин Ғ.Н.
(Мұрағат)

ҚР МАМ Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика