- Блогтар
- Шойкин Ғ.Н.
Шойкин Ғ.Н.
ҚР МАМ Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы
Этносаралық келісім: мемлекеттік саясаттың негізгі мәселелері
«Бірлік пен ынтымақ басты құндылығымыз әрі мемлекеттік саясаттың бұлжымас бағдары болып қала береді», - Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев.
Қазақстандағы бейбітшілік пен келісім – тұрақтылық пен қауіпсіздіктің берік негізі. Мемлекеттік саясат азаматтық қоғамды нығайтуға бағытталған, мұнда ұлттық мүдделер мен халық бірлігі басты басымдық болып табылады. Маңызды бағыттардың бірі – азаматтардың этникалық шығу тегіне қарамастан, тең құқықтарын қамтамасыз ету. Қазақстанда 100-ден астам этнос өкілдері татулық пен келісімде өмір сүреді. Олар елдің толыққанды азаматтары және мемлекеттің дамуына елеулі үлес қосуда. Қазақстандық бірегейлікті нығайту, этносаралық шиеленістің алдын алу және қақтығыстардың болдырмау – мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтары. Бүгінде елдегі этносаралық жағдай тұрақты, өткір әрі шешімін таппаған мәселелер жоқ. 2024 жылы Қазақстанда бірде-бір этносаралық қақтығыс тіркелген жоқ. Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі этносаралық келісімді нығайтуға, қақтығыстардың алдын алуға, этномедиацияны дамытуға, мамандарды даярлауға және этносаралық саладағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыруға бағытталған кешенді шараларды іске асыруда. 1 наурызда Алғыс айту күніне орай республикалық телекөпір ұйымдастырылды. Оған 1000-нан астам адам қатысты. Іс-шара аясында «Қайырымдылық керуені» республикалық акциясы және «Шаңырақ» шығармашылық байқауы бастау алды. 25 сәуірде Қазақстан халқы Ассамблеясының (ҚХА) XXXIII сессиясы «Бірлік. Жасампаздық. Прогресс» тақырыбында өтті. Оған Мемлекет басшысы төрағалық етті. Сонымен қатар, 28 сәуірде «Бірлік жүгіруі» атты жартылай марафон ұйымдастырылып, 15 өңірден 15 мың қатысушыны біріктірді. 2024 жылы ҚХА жанынан «Жомарт жан» қоғамдық орталықтары құрылды. Олар бірнеше еріктілік және қайырымдылық акцияларын жүзеге асырды, соның ішінде «Жүректен жүрекке» және «Мектепке жол». Жалпы, өткен жылы ҚХА мүшелері мұқтаж азаматтарға 1,3 млрд теңге көлемінде көмек көрсетті.
«Жомарт жан» орталықтарының негізгі бағыттары:
- Мектепке жол – бұл көпбалалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларды мектепке дайындауға қолдау көрсететін жыл сайынғы қайырымдылық акциясы. 2024 жылы 6,5 мыңнан астам бала мектепке қажетті құрал-жабдықтар мен киімдермен қамтамасыз етілді. Жалпы, 260 млн теңге жұмсалды.
- Жүректен жүрекке – бұл табиғи апаттар мен төтенше жағдайлар кезінде азаматтарға қолдау көрсетуге бағытталған жоба. Жоба аясында еріктілердің көмегімен зардап шеккен өңірлерге 1700 тоннадан астам азық-түлік, дәрі-дәрмек және бірінші кезекте қажетті тауарлар жеткізілді. Гуманитарлық көмектің жалпы сомасы 805 млн теңгені құрады.
- Мейірім – инклюзивті топтар мен әлеуметтік осал азаматтарды қолдау бағыты. 2024 жылы жоба аясында 1320 отбасы және 483 азаматқа әлеуметтік көмек көрсетілді.
- Қамқор – спорттық және әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға бағытталған қайырымдылық жобалары. 2024 жылы өңірлерде жаңа спорт алаңдары салынып, балалар мен жастар үшін заманауи білім беру орталықтары ашылды.
2024 жылы ҚХА 13 арнайы қоғамдық жобаны жүзеге асырды. Сонымен қатар, ҚХА-ның 10 қоғамдық құрылымы белсенді жұмыс атқаруда. Олардың қатарында:Ақсақалдар кеңесі, Аналар кеңесі, «Ассамблея жастары» республикалық қоғамдық бірлестігі, Журналистер клубы, Ұлттық сарапшылар кеңесі, «Жомарт жан» орталықтары, Этномедиация кеңесі, Шығармашылық ұжымдар қауымдастығы, Жас ғалымдар клубы, Студенттік ҚХА. ҚХА 1000-нан астам этномәдени бірлестікпен тығыз байланыс орнатқан. Маңызды мәдени жобалардың бірі – мәдени мұраны, достық пен бейбітшілік құндылықтарын насихаттауға бағытталған Қазақстан халқы Ассамблеясының «Халықтық экспедициясы. Бейбітшілік пен келісім жолымен» жобасы болды. Еліміз бойынша 35 Достық үйі 1000-нан астам этномәдени бірлестік үшін заманауи комьюнити-орталықтар ретінде қызмет етеді. 2024 жылы бұл орталықтарда 2 757 іс-шара ұйымдастырылып, шамамен 300 мың адамды қамтыды. Жалпы, 2024 жылы ҚХА құрылымдарының қатысуымен 15 000-нан астам әлеуметтік маңызы бар іс-шара өткізіліп, 700 мың адамды қамтыды. Журналистермен жұмысқа ерекше назар аударылды: Ақтөбе, Қостанай, Өскемен және Қонаев қалаларында ҚХА Журналистер клубының төрт көшпелі отырысы өтті. Оларға 200-ден астам БАҚ өкілдері, блогерлер мен студенттер қатысты. Сонымен қатар, елдегі төрт университеттің журналистика факультеттерінде «Этносаяси сауаттылық» арнайы курсы енгізілді. 2024 жылы ҚХА қызметі мен осы саладағы мемлекеттік саясат туралы БАҚ-та 14 мыңнан астам материал жарияланды. Этносаралық қатынастар саласындағы маңызды бағыттардың бірі – қақтығыстардың алдын алудың тиімді тетігі ретінде этномедиацияны дамыту. 2024 жылы 233 кәсіби этномедиатор республикалық, өңірлік және жергілікті деңгейде даярлықтан өтті. Сондай-ақ 30 семинар мен тренинг өткізіліп, 1 207 адам оқытылды. Министрлік өңірлерге 7 әдістемелік құрал әзірлеп, жіберді, сондай-ақ этносаралық саладағы өзекті мәселелер бойынша 13 семинар өткізілді. Бұдан бөлек, этносаралық қатынастардың жай-күйін объективті бағалау мақсатында 2 социологиялық зерттеу жүргізілді, өңірлерге 10 мониторингтік сапар жасалып, олардың қорытындысы бойынша мемлекеттік органдарға тиісті ұсыныстар берілді. Зерттеу нәтижелері бойынша ел азаматтарының 97,3%-ы этносаралық жағдайды тұрақты және қолайлы деп бағалады.
Қоғамдық және экономикалық бастамалар институтының (ҚЭБИ) Этномедиация орталығы өңірлерде 8 алдын алу және постконфликттік сапар ұйымдастырды. Бұл іс-шаралар барысында ықтимал қақтығыстардың себептері анықталып, оларды реттеу бойынша шаралар қабылданды. Этносаралық мәселелер бойынша 80 өңірлік ақпараттық-түсіндіру тобы 160 мыңнан астам адамды қамтыған 3 000-нан астам іс-шара өткізді. Олар конференциялар, кездесулер, семинарлар, кеңестер, дөңгелек үстелдер және басқа да форматтарда өтті. Министрлік нәсілдік кемсітушіліктің барлық түрлерін жою туралы халықаралық конвенцияны орындау және антидискриминациялық заңнаманы талқылау мәселелері бойынша тұрақты ведомствоаралық жұмыс тобын құрды. Жұмыс қорытындысы бойынша осы саладағы заңнаманы жетілдіруге арналған ұсыныстар әзірленді. 2025 жылы Қазақстанда қоғамдық келісім мен этносаралық өзара іс-қимылды нығайту жөніндегі жүйелі жұмыс жалғасады. Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевтың төрағалығымен ҚХА-ның XXXIV мерейтойлық сессиясы өткізіледі. Бұл ұлттық бірлікті дамытудағы басым бағыттарды айқындайтын негізгі іс-шаралардың бірі болмақ. ҚХА-ның 30 жылдығына дайындық аясында 400-ден астам ірі іс-шараны қамтитын арнайы іс-шаралар жоспары әзірленіп, бекітілді. Сонымен қатар, ҚХА Антологиясы мен мерейтойлық медалі шығарылады. Биыл ақпараттық-түсіндіру жұмыстарына, мемлекеттік органдар мен қоғамдық құрылымдардың этностарды қазақстандық қоғамға интеграциялау тиімділігін арттыруға, сондай-ақ этносаралық тұрақтылықты қамтамасыз етуде азаматтық қоғамның рөлін күшейтуге ерекше назар аударылады. Бұл саладағы кәсіби мамандарды дамыту үшін ҚХА Журналистер клубы аясында 200-ден астам журналист оқытылады, ал этносаралық қатынастар саласындағы 1000-нан астам кәсіби келіссөз жүргізушілердің біліктілігі арттырылады. 2025 жылғы негізгі басымдықтардың бірі – салалық кадрларды даярлау. «Этносаясаттану» және «Этножурналистика» мамандықтары бойынша оқытылған мамандардың санын арттыру жоспарлануда. Сонымен қатар, ҚХА жобалары, Достық үйлері, лингвистикалық кабинеттер және басқа да мамандандырылған құрылымдар арқылы мемлекеттік тілді этносаралық қатынас тілі ретінде ілгерілету жұмыстары күшейтіледі. Бұл міндеттер Қазақстан Республикасында қазақстандық патриотизмге, азаматтық бірлікке және ел халқының рухани-мәдени ортақтығына негізделген қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
- 04.03.2025
- 18