• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Нұрдәулет Қилыбай Жаңаөзен қаласындағы қоқыс мәселесін сынға алды

Бүгін, 4 наурызда Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбайдың төрағалығымен өткен аппараттық жиында Жаңаөзен қаласының әкімі Жансейіт Қайнарбаев өткен жылы атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлар туралы баяндама жасады.

Жансейіт Қайнарбаевтың айтуынша, халықтың әлеуметтік осал топтарын тұрғын үймен қамтамасыз ету, соның ішінде апатты үйлер мәселесін шешу мақсатында Отбасы банкі арқылы «Шаңырақ», «Наурыз», «Отау» бағдарламалары аясында 32 азамат тұрғын үй сертификатын алып, баспана кілтіне ие болды.

Жаңаөзенде және жақын маңдағы елдімекендерде ауыз су тапшылығы мәселесін шешу мақсатында тәулігіне 50 мың текше метр су тұщыландыратын «Кендірлі» зауытының құрылысы жүргізілуде.

- Қаладағы сумен жабдықтау және кәріз жүйелерін жаңарту жұмыстары жалғасып жатыр. Қазіргі уақытта «Қолданыстағы сумен жабдықтау және кәріз желілерін кеңейту» жобасы жүзеге асырылуда. Жоба нәтижесінде су желілерінің тозу деңгейі 60%-дан 57%-ға, ал кәріз желілерінің тозу деңгейі 90%-дан 68,8%-ға дейін төмендейді. Сондай-ақ, Теңге ауылындағы су құбыры желілері 715,8 шақырымнан 723,4 шақырымға дейін артады, - деді Жансейіт Қайнарбаев.

Білім беру саласы бойынша «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында Рахат ауылындағы №18 мектепке 300 оқушыға арналған жапсаржайдың құрылысы жүргізілуде.

Сондай-ақ, «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы шеңберінде Рахат ауылының «Мерей» шағынауданында 1200 орындық мектептің құрылысы жүріп жатыр. Бұл нысандарды 2025 жылдың қыркүйек айында аяқтау жоспарланған.

Жеке инвестиция есебінен Қызылсай ауылында 500 оқушыға арналған бастауыш мектеп, ал «ӨзенМұнайГаз» АҚ қаражаты есебінен «Оқушылар сарайы» салынуда.

Жансейіт Қайнарбаевтың айтуынша, биыл Жаңаөзенде әлеуметтік нысандардың құрылысы, су және кәріз желілерінің тозуын төмендету, электрмен жабдықтау және автомобиль жолдарын салу бойынша бірқатар жобаларды іске асыру жоспарланып отыр.

Жиын барысында облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбай тұрғындар үшін ең қажетті жобаларға басымдық беру керектігін атап өтіп, қаражатты мақсатты әрі тиімді пайдаланудың маңыздылығын ескертті.

Сондай-ақ, өңір басшысы Жаңаөзен қаласындағы қоқыс мәселесін қатаң сынға алып, қала әкімі Жансейіт Қайнарбаевқа шаһар аумағын, қасиетті орындарға апаратын жолдар мен олардың айналасын қоқыстан тазартуды тапсырды.

Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі

  • 04.03.2025
  • 44
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

Қилыбай Н.И.
(Мұрағат)

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика